spot_img
spot_img

Шымкенттің ауыз су саласынан шу шықты

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы ауыз сумен қамту кәсіпорнын мемлекет меншігіне қайтаруды қолға алды, деп хабарлайды zanmedia.kz. Ал ол компания бүгінде бір кездері қаланың әкімі болған Анарбек Орманның меншігі саналады.

Бұл іске белгілі құқық қорғаушы Жәния Бодау да араласа бастады. Ол кеше әлеуметтік желіге арнайы пост жариялап, Шымкент қаласына келгенін айтты.
Адвокаттың жазбасынан ұққанымыз, 1997 жылы жекенің қолына өтіп кеткен ауыз су жүйесінен жемқорлықтың иісі аңқитындай. Яғни стратегиялық маңызды нысан тұрғындардың мүддесінен гөрі, өз қалтасының қамын көбірек ойлайтын жекенің қолына өткен. 1997 жылы Шымкентті басқарған А.Орман заңды белшесінен басып, қаланың ауыз су шаруашылығы нысандарын өзінің сенімді адамдарына өткізіп жіберген.
Алдымен ол 1996-1997 жылдары сау тұрған су жүйелері мекемесін бөлшектеп, бірнеше кәсіпорын құрады. Ал сол кездегі мүлікті жекешелендіруге салынған тыйымға қарамастан оларды жекенің қолына өткізіп жібереді.
Артынша бұл компаниялар А.Орманның ықпалындағы заңды тұлғаға сатылып кетеді. Небәрі 17 333 000 теңгеге. Сөйтіп бұл ауыз су компаниялары А.Орманның меншігіндегі «Водные ресурсы-Маркетинг» ЖШС-не барып қосылады. Бұл жолы 41 027 000 теңгеге бағаланған. Сонда кезінде тұтас бір қаланың су жүйесін 17 333 000 теңгеге қалай сатып жіберген деген сұрақ туады.
Қысқасы бүгінде бұл ЖШС қарызға да белшесінен батқан, тарифі де ел бойынша жоғары көрінеді. Ауыз су сапасы да сын көтермейді.
Осыларды ескерген қала әкімі ауыз су жүйесін мемлекет меншігіне қайтару арқылы тарифтерді жүйелеп, судың сапасын да жақсартуды көздеп отыр. Ал экс-әкім де қарап қалмай, компанияны қалайда қайтармаудың қамына кіріскен.
Ғ.Сыздықбеков те Жәния Бодау постын бөлісіп, өзі де Фейсбукке жазба қалдырды. Онда қала әкімі стратегиялық нысандарды мемлекет меншігіне қайтару – мемлекеттік маңызы бар мәселе екенні атап өткен.
«Біз бұл жұмысты Президент тапсырмасы аясында жүргізіп жатырмыз. Менің ұстанымым өзгермейді: қала өмірі үшін маңызды нысандар мемлекеттің бақылауында болуы тиіс. Бұл басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету, халыққа қызмет көрсетуді үздіксіз жүргізу және қала тұрғындарының мүддесін қорғау үшін қажет. Осы бағыттағы жұмысты тұрғындардың мүддесін басшылыққа ала отырып әрі қарай да жалғастырамыз», деді Ғ.Сыздықбеков әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ ол құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқандықтан, бұл мәселеге соңғы нүктені сот қоятынын жеткізді.

Алматыда студенттік жатақханалар салу бойынша жобалық кеңсенің қоғамдық тыңдалымы өтті

2025 жылдың 20 ақпан күні Алматыда "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының...

В Алматы прошла профориентационная экскурсия для воспитанников детских домов

20 февраля текущего года в рамках проекта «Социальная мастерская»...

Психологиялық көмек көрсетілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінде 150-ден астам...

Қоғамдық жұмысты орындамаған сотталғанның ісі сотқа жолданды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі сот...