ҚАЖ қызметкерлері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №14 мекемесінің қызметкерлері 10-11 сынып мектеп оқушыларына кәсіби үгіт-насихат іс-шараларын ұйымдастырды, олардың мақсаты жастарды ішкі істер органдарында қызметке тарту.

Жоғары сынып оқушыларымен кездесу барысында мекеме өкілдері Қостанай қаласының ІІМ Академиясына түсу мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Үгіт барысында жоғары сынып оқушыларына ІІМ Академиясында оқудың негізгі артықшылықтары, оның ішінде жоғары сапалы білім беру, құқық қорғау органдарында мансаптық өсу мүмкіндігі және еңбек қызметінің тұрақтылығына сенімділік ұсынылды.

Кездесулер барысында оқу орындарына түсу шарттары, үміткерлерге қойылатын талаптар және оқу кезінде алатын қолдау түрлері түсіндірілді. Құқық қорғау органдарында мансапты жалғастыруға қызығушылық танытқан оқушылар қабылдау емтихандарына дайындалу үшін пайдалы кеңестер мен ақпарат алды.

Мемлекеттік тілдің дамуы

Әрбір тәуелсіз мемлекеттің ең басты құндылықтарының бірі – ана...

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...