Астана қаласының адам құқықтары бойынша өкілдігі мен №64 мекемесінде қамаудағылармен бірлескен қабылдау өткізілді

Астана қаласының адам құқықтары бойынша өкілдігі №64 мекемесінде қамаудағылармен бірлескен қабылдау өткізді. Бұл шараға «Достық» емханасының басшылығы, тергеу изоляторының (Тергеу абақтысы) басшылығы және Астана қаласының адам құқықтары бойынша өкілдіктің өкілі қатысты. Кездесудің басты мақсаты – қамаудағылардың құқықтарын қорғау мәселелерін, соның ішінде медициналық көмекке қолжетімділік пен мекемедегі тұру жағдайларын талқылау болды.

Қабылдау барысында көтерілген басты мәселелердің бірі – қамаудағыларға уақытында және сапалы медициналық көмек көрсету болды. Әсіресе денсаулық мәселелері туындаған қамаудағы А. есімді тұлғаның ауруханаға жатқызылуы мәселесі талқыланды. Кездесу нәтижесінде А. есімді қамаудағы адамға дәрігерлердің қайта консилиумын өткізу туралы шешім қабылданды, бұл оның емделу жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...