12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Судья көмекшісі институтын енгізу – бүгінгі күн талабы

Сот саласы жаңа реформалардан, жаңа жобалар мен бастамалардан кенде болған емес. Жыл сайын қаншама өзгерістер орын алып, қаншама жаңғыртулар тәжірибеге енгізіліп жатыр. Және бұл реформалар әшейін реформа жасау үшін қолға алынбайтыны түсінікті. Кез келген реформаның бастауында замана қажеттілігі, халықтың талап-тілегі, халықаралық өзгерістер тұратыны мәлім.

Айталық қазір Әділетті Қазақстан құру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп, заңнамаларға көптеген өзгерістер енгізілді. Заң мен тәртіпті орнықтыруға ықпал ететін іс шаралар да үздіксіз азаматтар тіршілігінен орын алуда. Ал сот саласындағы жаңашылдықтың мақсаты әділдікке деген сенімді орнықтыру. Ол үшін, әрине, сот шешімдерінің сапасын, туралығын, нақтылығын арттыратын тетіктерге жіті көңіл бөлу керек. Соның ішінде сот актілерінің сапасы азаматтардың әділдікке, сотқа деген сенімін нығайтып, мемлекеттің ертеңіне деген үмітін арттыратынын ұмытпауымыз керек. Осы мақсатта тәуелсіздік алғалы бері судьялардың тәуелсіздігін арттыру, сот кадрларына қойылатын талапты көтеру, судьяларды материалдық-техникалық жақтан қамтамасыз ету бойынша қаншама ілкімді істер жүзеге асырылды. Бүгінде көпшілік талқылап жүрген судья көмекшісі институтын тәжірибеге енгізу бастамасы да сот жұмысын жандандырудың судьялар қызметін оңтайландыруды көздейді.

Судья көмекшісі институтының пайдасы көп. Ең алдымен  бұл институттың енгізілуі қазыларды көптеген көзге көріне бермейтін ұсақ жұмыстардан құтқарады. Судья көмекшісі сот актілерінің (шешім, ұйғарым, қаулы) жобаларын дайындауға көмектескен жағдайда, судьяның аса күрделі істерді қарау ісіне мұқият көңіл бөлуіне мүмкіндік туады. Сондай-ақ судья көмекшісі институты өмірін сот саласымен байланыстырып, судья болуды армандаған жандар үшін кәсіби қабілетін жетілдіруге берілген үлкен мүмкіндік. Сонымен қатар, республика соттарында шешімін таппай келе жатқан бос ваканциялар орнын сауатты, сапалы мамандармен толықтырудың таптырмас тетігі. Міне, сондықтан да бұл жаңашылдықты тәжірибеге енгізу кезек күттірмейді.

У.Абдиманап,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

          Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №...

Сот актісін түсіндіру сенімді нығайтады

Сот саласын дамытуда азаматтардың қосар үлесі қомақты. Міне сондықтан...

Соттағы ізденістер мен іргелі істер

Мемлекеттің үздіксіз қолдауы мен қамқорлығының арқасында отандық соттың қол...

Ашықтық сыбайлас жемқорлықтың алдын алады

Сыбайлас жемқорлық – өркениетті ел болуға қадам басқан кез...

Заң мен тәртіп басты орында

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру – біздің еліміздің...