Банкроттық туралы өтініш талапқа сай жазылуы керек

Өткен жылы Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заң қолданысқа енді. Осы заң аясында  борышкерлер сот арқылы немесе соттан тыс банкроттыққа өтініш беру құқығына ие болды.  Азаматтар банкрот деп танылған жағдайда алдағы бес жыл бойы жаңадан ақшалай не болмаса мүліктік міндеттемелерді қабылдай алмайтынын білуі тиіс. Бұған қоса уәкілетті орган тарапынан борышкерге қатысты үш жыл ішінде мониторинг жүргізіліп, оның қаржылық тұрақтылығы тексеріледі. Егер азаматтың банкроттығы сот арқылы танылса, онда оған заңмен көзделген өзге де шектеулер бар.   

Банкроттықтың шарттары жоғарыда аталған заңның 5 және 6-баптарымен айқындалған. Мысалы, соттан тыс банкроттыққа арыз беруге айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын қарыз сомасы негіз болады. 2024 жылғы бір АЕК  3692 теңгені құрайды. Берешегі 1600 АЕК-тан көп борышкерлер банкроттығы сотта шешіледі. Мұндай жағдайда оның  мүлкі саудаға шығарылып, қаржы басқарушысы белгіленеді. Яғни, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешімде қаржы басқарушысының қорытындысы ескеріледі. Қаржы басқарушысы соттың банкроттық рәсімін қолдану туралы шешімі шығысымен бес жұмыс күнінен кешіктірмей, мүлікті сату жоспарын жасайды. Сауда электрондық аукцион өткізу немесе тікелей сату әдісімен жүзеге асырылады.

Қарызды өтеудің соңғы шарты азаматтың  төлем қабілетін қалпына келтіру, осы рәсімде тұрақты түрде табыс табатындарға сотқа өтініш беру арқылы берешегін бес жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі берілген.

Айтып кетерлігі, борышкерлер арызды  тұрғылықты жеріндегі сотқа жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында береді. Арыз заңмен белгіленген талаптарға сай берілсе, он күн ішінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану жөнінде іс қозғау туралы ұйғарым шығарылады. Ұйғарымда уәкілетті және мемлекеттік органдар мен борышкердің міндеттері көрсетіледі. Сондай-ақ, оның көшірмесі борышкер мен уәкілетті органға, борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық әділет органына, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жіберіледі. Тиісті органдар мүлікке құқықтарды тіркейді.

Ескерерлігі, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз 20-бапта белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда кері қайтарылады. Сондықтан, сотқа арыз беруде заңмен белгіленген талаптар сақталуы тиіс. Кей жағдайда 1600 АЕК-қа жетпейтін қарызы бар борышкерлер сот банкроттығына өтініш бере алады, бұл үшін азаматта мүліктің болуы немесе несие берушінің жеке тұлға ретінде тіркелуі шарт.

Тағы бір тоқталарлығы, алимент, сондай-ақ, өзгенің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залалды өтеу жөніндегі борыштар есептен шығарылмайды.  Бұл заң ел халқының төлем қабілеттілігін жеңілдету мақсатын көздейді. Онда борышкерлер мен кредиторлар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу, сондай-ақ, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мен соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану шарттары нақтыланған. Аталған рәсімдер    заңдылық, әділдік, жариялылық пен ашықтық, мемлекеттік реттеу, азаматтардың адалдығы, салдардың басталуы қағидаттарының негізінде жүзеге асырылады.

Айгүл Медетова,

Наурызбай аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

СОТ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ 

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында сот қызметтерінің сапасын жақсартуға және...

Ата-ана құқықтарын шектеу және бала мүддесі

Елімізде ата-ана құқықтарын шектеу негіздері, шарттары Қазақстан Республикасының Неке...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар

Қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар азаятын емес, керісінше...

Сотқа құрмет әрқашан маңызды

Қазақстан егеменді ел болып, еңсесін тіктеп, еркін тыныс алғанына...

Сот мұрағатының жұмысы                      

Соттардағы мұрағат жұмысы сот іс жүргізуінің  негізгі бөлігі. Мұрағат дегеніміз...