12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тіл — мәңгілік елдің мәңгілік тілі

«Тіл-кез келген ұлттың болмыс-бітімін даралайтын aсыл қазынасы және ұлттық ерекшелігін көрсететін ең маңызды құндылық. Қaзaқстaндa тұратын этностардың тілдеріне құрмет көрсету, олардың ана тілі мен төл мәдениетін дaмытуына жағдай жaсaу-мемлекетіміздің мaңызды стратегиялық міндеттерінің бірі.

Тіл мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Анa тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл- халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адaмды мұратқа жеткізетін-aна тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз-қазақ тілі. Тіл-тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз-тәуелсіздік, егемендіксіз-тіл болмақ емес. Тіл тәуелсіздіктің қуаты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды.

Тәуелсіз Қазақстанның болашағы-біз, яғни қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз-қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Тәуелсіздік алғалы бері тіл саясаты жүргізілуде. Мемлекеттік тілдің қолданылу aяcын кеңейту мен тiлгe дeгeн құрметті aрттырy мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар ұйымдастырылуда. Нәтижелері де аз емес.

Тіл-адам жанының тілмәші. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт-тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмыс, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі-бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең. Тілі де бай.
Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл-қоғамның жемісі. Тіл-біздің мақтанышымыз, тіл-біздің барымыз да, нарымыз да болып қала бермек екенін өз шығармамда дәлелдегім келеді. Сондай-ақ, тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасатын күш. Сол ананың сүтімен дарыған ана тіліміздің қуаты, күші, рухы қашанда қазақ деп жүрегі соққан азаматтар мен азаматшалар үшін үлкен мәртебе екені сөзсіз.
Тіл туралы оралымды ой айтқанда, әрине біздің тіл байлығымыз туралы айтпай кету мүмкін емес.
Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол-атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл-таусылмайтын байлық. Менің ойымша, бүгінгі таңда, әсіресе, болашақ ұрпақ үшін маңыздысы-қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Алайда, жаны қазақ, қаны қазақ ұлт үшін алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білу маңыздының маңыздысы болмақ. Осы орайда мына бір жайтты еске түсіргім келеді. Бүгінгі таңда ағылшын, орыс, түрік т.б тілдерді негізгі деп санайтын жастар саны артуда. Сонда өз ана тілі не болмақ?! Өз тілінде сайрап тұрмаса не шара?! Әрине, тіл білген жақсы. Бірақ, өз туған тілінде, ана тілінде дәмді де жүйелі сөз орамын құрай білу, әдеби тілде жұрт аузын ашатындай көркем сөйлеу-әр қазақ баласының міндеті дегім келеді. Сондай-ақ, қазақ тілі-өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы. Амал не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер де көп-ақ.

Төл тілде сөйлеуден безу ақ сүт беріп, асыраған анаңды ұмытумен бердей. Осы кезде Паустовскийдің мына бір сөзі ойыңа еріксіз оралады: «Туған тіліне жаны ашымаған адам-жәндік». «Тіл тағдыры-ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату-әрбір адамзаттың абзал борышы.

Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт-санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілін құрметтеу, оны білу-біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. «Ана тіліне салғырт қарау-өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау» деген пікірді Бауыржан Момышұлы өткен ғасырда-ақ айтып кеткен. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәнінде қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күннің талабы екендігін дәлелдей отырып, осы жазбаны жаздым.


Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің сот приставы Утепбеков Карпат Муратбекович

Алатау ауданында пробациялық бақылаудағы азаматтарға медициналық көмек көрсету шарасы

Алматы каласы Алатау аудандык пробация кызмети бастамасымен, аудандық прокуратурасымен...

Мемлекеттік тіл мәртебесі

Әрбір халықтың өз ана тілі бар. Ол - жеке...

Абайдың қара сөздері – сот қызметінің рухани негізі

Абай Құнанбаев – қазақ халқының рухани әлемін байытқан ұлы...

Шекарасыз әділдік: Әкімшілік істердің соттылығы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 16-тарауы азаматтарға, заңгерлерге және...

Сот мұрағатының жұмысы

Соттардағы мұрағат жұмысы сот іс жүргізуінің негізгі бөлігі. Мұрағат...