Абайдың қара сөздері – сот қызметінің рухани негізі

Абай Құнанбаев – қазақ халқының рухани әлемін байытқан ұлы ойшыл. Оның қара сөздері адамгершілік, әділет, тәртіп пен ар-ождан жайлы терең философиялық толғамдарға толы. Бұл мұра, әсіресе, сот саласында қызмет ететін азаматтар үшін аса маңызды. Себебі сот – әділеттің айнасы, ал әділеттілік – Абай ілімінің өзегі.

Абай «Әділет, нысап, ұят, сабыр, рахым – бұл бес сөз көңілдің төресі…» деп 38-қара сөзінде жазады. Сот қызметкері үшін бұл қасиеттер кәсіби этиканың ғана емес, адамдық болмыстың да өлшемі болуы тиіс. Заңды дұрыс қолданумен қатар, шешім әділетті, адамгершілікке сай болған жағдайда ғана қоғам сот жүйесіне сенім артады. Абайдың 10-қара сөзіндегі: «Бас ал десе, мыйын алатын шолақ белсенді емес, әділ, парасатты басшы керек» деген пікірі де сот саласына тікелей қатысты. Сот төрелігі – байыпты ой мен парасатты шешім қабылдауды талап ететін жауапты міндет. Әр істі мұқият қарап, асығыссыз, ар-ұжданмен шешім шығару – бұл саланың басты талабы.

Абай 15-қара сөзінде адал еңбек пен таза ниетті биік қояды. Бұл ой бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Әсіресе сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесінде Абайдың бұл сөзі – сот қызметкерлеріне бағытталған рухани бағдар. Жемқорлықтан ада, таза пиғылмен қабылданған әрбір шешім – халық сенімінің кепілі. Ал 5-қара сөзінде «Адам баласын заман өсіреді» деген ойды алға тартып, қоғамның адам тәрбиелеудегі рөлін айқындай түседі.

Сот қызметкерінің де қоғамдағы беделі, сөзі мен ісі – көпшілікке үлгі. Ол – тек заңның емес, ар мен иманның да сақшысы.

Қорыта айтқанда, Абайдың қара сөздері – сот мамандары үшін адамгершілік пен әділеттілікті ту етудің, ішкі тазалық пен парасатты болудың рухани мектебі. Бұл терең ойлар сот саласындағы әр маманның жүрек төрінен орын алып, кәсіби және адамгершілік ұстанымына айналуы тиіс.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық

бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық 

сотының кеңсе бас маманы                                                 Ә.Мұхитқызы

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...

Условно-досрочное освобождение

Условно-досрочное освобождение – это прекращение отбывания наказания до истечения...