Сот мұрағатының жұмысы

Соттардағы мұрағат жұмысы сот іс жүргізуінің негізгі бөлігі. Мұрағат дегеніміз тарихи деректік құжаттар сақталатын алтын қазына. Мұрағатта әр кезеңдегі тарихи оқиғалар, дипломатикалық қарым-қатынастар, қоғамның саяси-әлеуметтік, экономикалық бағыттары жөнінде құнды құжаттар сақталатыны бәрімізге мәлім. Сондықтан да соттарды, мекемелерде іс қағаздары бекітілген номенклатура негізінде іс-шаралардың құжаттары, өндірісте аяқталған азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер мұрағатқа тапсырылады.
Жыл сайын сот мұрағатына аяқталған істер, журналдар мен нарядтар, есептік-ақпараттық құжаттар тапсырылады. Мұрағат жұмысының басты бағыты істерді электронды түрде есепке алу мен оларды беру. Судьялар мен сот мамандары мұрағат істерін қызмет бабында қолдануға құқылы. Мұрағатшы істерді, материалдарды сақтауға қажетті жағдайларды жасайды, сұрау хаттар бойынша мұрағат істерінен құжаттардың көшірмелерін береді, сот мұрағаты журналын жүргізеді.
Мұрағаттың негізгі міндеттері құжаттарды жинау, мұрағатта уақытша сақталатын құжаттар құндылығына сараптама жүргізудің сапасын, сақтауын, есепке алуын және пайдалануын қамтамасыз ету және ұлттық мұрағат қоры құрамына жатқызылған құжаттарды мемлекеттік мұрағат мекемесі тұрақты сақталуына дайындау және тапсыру, ұйымдағы іс жүргізу мен мұрағат ісін жетілдіру саласына әдістемелік басшылықты жүзеге асыру болып табылады.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының бас маманы О.Т.Алдабергенова

Сот реформасы – әділдік пен халық сенімін арттырудың маңызды тетігі

Сот – қоғамдағы әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ететін...

Кадры для авиации

В столичной воздушной гавани намечено стратегическое партнерство в сфере...

Живая связь поколений

Что такое патриотизм для казахстанцев? Это не абстрактное чувство,...

От унижений – к чувству собственного достоинства

Даже в животном мире мамы, подвергая собственную жизнь опасности,...

«Алматыға қол созым жер қалды»: Меңдібай аға Алматы облысына жетті

«Құрылтайға жол» бағытының басым бөлігі артта қалды. Таңсәріде Меңдібай...