spot_img
spot_img

Бөкейхановтың мемлекеттік құқық саласындағы орнын айқындаған ғалым

(Үсеинова Гүлнар Рахимжанқызы туралы естелік)

Гүлнар Рахимжанқызы Үсеинова 1989 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін аяқтап күндізгі бөлім аспирантурасына түсіп, сол кезден бастап ғылым жолына бет бұрған болатын. Ғылыми бағыттары мемлекет және құқық теориясы мен тарихының келелі мәселелері, ХІХ-ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ зиялылары өкілдерінің мемлекеттік-құқықтық көзқарастары, қазақ халқының дәстүрлі қоғамының жекелеген құқықтарының пайда болуы мен дамуы, ғалымдардың халқына қалдырған көне мұраларын және заң ғылымы аясындағы келелі мәселелерді зерттеумен айналысқан болатын.

Ғылыми зерттеулерінің ең алғашқысы ол қазақ халқына қызмет еткен ұлы қайраткер Шоқан Уәлихановтың мемлекеттік-құқықтық көзқарастары болатын, осы тақырып бойынша зерттеуін аяқтап 1996 жылы заң ғылымдарының кандидаты  дәрежесін алды.

Докторлық диссертациясы тақырыбына келетін болсақ алаш жұртына ойып тұрып ізін қалдырған Алаш партиясының бағдарламасының авторы Әлихан Бөкейхановтың мемлекеттік-құқықтық көзқарастары туралы тың зерттеу жұмысы болатын.

Гүлнар Рахимжановна Ә.Н. Бөкейхановтың еңбектерінде баяндалған құқықтық көзқарастарына мемлекеттік деректанулық талдау жүргізген. ХІХ-ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ зиялыларының еңбектерін зерттеп жария етуге бет бұрған ғалымдардың бірі деп айтсақта артық болмайды. Ғылыми еңбектерінің мазмұнына қарай талдау жасасақ Ресей және Қазақстанның сол ширек ғасырда өмір сүрген ойшылдардың мемлекетті-құқықтық ілімдеріне көз жүгіртуге мүмкіндік.

Ә.Н. Бөкейхановтың мемлекеттік билікке, мемлекет пен құқыққа, басқарудың нысандарына, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына, сот өндірісі мен соттардың құрылымына, қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығының жүйесінен туындаған проблемаларына дүниетанымдық және жалпы теориялық көзқарастары мен тәсілдері ашылды.

Ә.Н. Бөкейхановтың құқықтық мемлекет идеясына, оның Қазақстанда демократия мен парламентаризм идеяларын қалыптастыру мен дамытудағы саяси және мемлекеттік қайраткердің рөлі айқындалды.

Әлихан Бөкейханов «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы ғана емес, сонымен қатар қоғамдық-саяси, оның саяси бағдарламасын қалыптастыруда идеялық-рухани қозғалыстың дамуында үлкен рөл атқарғаны атап көрсеткен.

Гүлнар Рахимжановна Ә.Н. Бөкейханов құқықтық мемлекет теориясының дүниетанымдық көзқарастарының жақтаушысы болған, билікті бөлу, заңның үстемдігі, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау идеялары, Еуропа азаматтарының кейбір идеяларының алғашқы жақтаушысы болған деп болжам жасаған.

Ғалым Үсеинова Гүлнар Рахимжановна өзінің өсіп келе жатқан ұрпаққа қалдырған еңбектерінің бірін ғана атап өттік.

Зерттеу жұмысының өзектілігін саралай келе, өсіп келе жатқан ұрпаққа мұра ретінде қалдырылған еңбектерді дәріптеу біздің ұстаздық парызымыз.

Сманова Акмарал Бахтияровна,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, мемлекет және құқық теориясы

мен тарихы, конституциялық және

әкімшілік құқық кафедрасының

аға оқытушысы, з.ғ.к.

61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін...

Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики 

📍 Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел встречу с экспертами экономического...

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады 

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

Мемлекеттік тілге құрмет — елге құрмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда...