Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №20 мекемесінде сотталғандарға қазақ халқының даңқты батыры, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік жолына арналған көркем фильм көрсетілді.
Аталған іс-шара сотталғандарды патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың бойында отансүйгіштік, адамгершілік және ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Фильм барысында Бауыржан Момышұлының Отан қорғау жолындағы ерлігі, қайсар мінезі, батылдығы мен әскери қолбасшылық қабілеті кеңінен көрсетілді.
Көрсетілім сотталғандарға ерекше әсер қалдырып, ерлік, ар-намыс, тәртіп пен жауапкершілік сияқты маңызды құндылықтардың мәнін түсінуге мүмкіндік берді.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар сотталғандардың рухани-адамгершілік тұрғыдан дамуына, тарихи тұлғалардың өнегелі өмірінен үлгі алуына және қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал етеді.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран. Бауыржан Момышұлының өнегелі өмір жолы – әрбір азамат үшін патриотизм мен адалдықтың жарқын үлгісі.


