12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиациялық тәсіл мінсіз атқарылуда

Негізі  судья шешіміне тараптардың көңілі толып, сот залынан татуласып шықса заңнама мәртебесі көтеріледі. Судья функционалдық міндетін талапқа сай атқарғанын сезінеді.

Бұл ретте уақыт талабына сай  медиациялық тәсіл өзіндік орнын көрсетуде.  Өйткені, күн санап азаматтардың құқықтық мәдениеті дамыған сайын уақытты ұтуға талпынуда. Нәтижесінде қоғамда татулық орнығып, беки түсуде. Әлбетте, бұл қуанарлық жайт. Дей отырып, бітімгершілік болып табылатын осы   заңнама аясындағы әрекет  — Медиациялық тәсіл деп сот жүйесіне енгізілген. Қазақстан Республикасының  «Медиация туралы» заң медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, медиатордың мәртебесін айқындайды. Басты мақсаты екі жақты ортақ мәмілеге келтіру. Медиация кезінде екі жақ та ризашылықпен тарасады. Талап қоюшы сотқа жазған арызында жауапкерге қойған талабынан бас тартып, жауапкермен  бір мәмілеге келгенде, нақтылай түссек екі жақтың келісімге келуіне байланысты медиация рәсімделеді. Заң талабына сәйкес тараптардың    арызы бойынша сот хаттамасы толтырылып, іске тігіледі.  Бұл  тараптарға алдағы уақытта  сотқа, осы мәселе бойынша осы негіздермен қайтадан жүгінуге жол берілмейтінін ескертіп, түсіндіру болып саналады. Қосымша сұрақтар туындап жатса екі тілде түсіндіріп те беруді судьялық та, азаматтық та парыз санаймыз. Медиация жүргізуге байланысты тараптардан арыз түскенде ол аяқталғанша судья 30 күнтізбелік мерзімге істі тоқтатады. Содан кейін тәртіп бойынша  судья екі жақтың келісімге келуі жөнінде ұйғарым  шығарады. Медиация барысында медиатор екі жаққа да медиацияның рөлі және оның құқықтық әсерлері жөнінде толық мәлімет беруі қажет. Бұл ретте екі жақтың да құқығы бірдей екенін және олардың бір-біріне сыйластықпен қарауы керектігін ұғындырған маңызды. Тағы бір ескеретін мәселе дауласқан тараптар соңғы сот процесінде татуласса да медиациялық тәсіл рәсімделеді.

Қазіргі таңда сот ғимаратының күту залдарында медиацияны жарнамалаған банерлер орнатылып, жеткілікті ақпарат көрсетілген. Бүгінгі таңда медиацияның қолдану аясы кеңейе түсуде.Мұны өмір сүру қажеттілігін адами тұрғыда өтеу деп те бағалаған дұрыс. Адами құндылық дегенде бабаларымыз «Елдестірмек елшіден» деумен шектелмей құн дауын да нақтылап қойған. Түптеп келгенде көне дәстүрді жаңғырта отырып, уақыт талабына сәйкес келетіндерін біртіндеп өмірге енгізіп қажеттілікті өтеу болып саналады.

Қорыта айтқанда, өзара келісімге келе алмай жүрген азаматтардың дауларын зерделегенде түбі медиацияға тірелетінін сан аңғардым.Бірінің ұстанымы сот шешімі болса екінші тараптың да түпкі ойы сот шешіміне тіреледі. Заңға сәйкес арыз түскен соң белгіленген мерзімде қаралуда. Сондықтан мүмкіндіктерді пайдалана отырып, осы құндылықты, яғни медиациялық тәсілдің артықшылықтарын  тараптарға түсіндіру, ұғындыруды төл міндетіміздің бір тармағы деп те санаймын. Менің қарауыма талап арыз мемлекеттік тілде түссе мемлекеттік тілде, ресми тілде түссе ресми тілде белгіленген мерзімнен кешіктірмей заңнама шеңберірінде қарау қалыптасқан әдетім. Сондықтан да уақытпен санасу маған жат Қандай процесс болсын алдын ала дайындалуға да дағдыланған судья сауаттылығын танытып қана қоймай заңдылықты тараптарға ұғындыры, түсіндіре білсе мерейі биік болады.

Бекболат Тажмұхан,

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының судьясы

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...