12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мұрадан бас тартудың күші жойылмайды

Қазақстан заңдарында меншік құқығын қорғауға айрықша мән берілген, сондықтан, бұл тұрғыдағы заңнамаларды әлемдік стандарттарға сай деуге толық негіз бар. Ел азаматтары заңды түрде алған мүлкін жеке меншігінде ұстай алады, сондай-ақ, меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығы Конститутциямен кепілдендірілген. Адамды жеке меншігінен айыруға соттың шешімімен ғана жол беріледі.

Мұрагерлiк Азаматтық кодекспен және тiкелей белгiленген жағдайларда өзге де заң актiлерiмен реттеледi. Мұрагерлік құқық жеке меншік құқығының бір бөлігі, сол себепті, оның маңыздылығы жеке меншіктің тұтынушылық сипатымен анықталады. Заң талабына сай, мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушы барлық дүние-мүлкін немесе оның бір бөлігін кез келген адамға, мемлекетке, басқа да  қоғамдық ұйымдарға  өсиет  бойынша  қалдыра  алады. Мұраға мұрагерлер заң мен өсиеттің негізінде ие болады. Мұра қайтыс болған адамның соңғы тұрған жерiнде, ол белгiсiз болған жағдайда мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгi орналасқан аумақта ашылады.

Мұраны қабылдау туралы өтініш берілген нотариус мұрагерлік істі ашып, алты айдан соң мұраға құқық туралы куәлік береді.  Мұрагерлердiң арасында тұрғылықты орны белгiсiз адамдар болса, басқа мұрагерлер мен өсиеттi орындаушы, яғни, мұраны басқарушы, сондай-ақ, нотариус олардың тұратын жерiн анықтау,  мұрагерлiкке шақыру шараларын қолданады.

Азаматтық кодекстің 1071-бабына сай, мүлiктiң бiр бөлiгi өсиет бойынша қалдырылса, мұраны қорғау және басқару міндеті оны орындаушыға жүктеледі. Ал, заң бойынша мұрада мұрагер өз мiндетін атқару үшiн мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны тағайындауды талап етпеген жағдайда бүкiл мұраны қорғап, басқаруды осы кодекстiң 1059-бабына сәйкес өсиет бойынша мұрагерлер немесе сот тағайындаған өсиеттi орындаушы жүзеге асырады.

Мұра мұрагерлердiң келiсiмi бойынша оларға тиесiлi үлестерге сәйкес бөлінеді. Олардың арасында түсінбеушілік туған жағдайда мұраны бөлу сот тәртiбiмен жүргiзiледi. Мұрагерлер мұра қалдырушының қарыздары бойынша өздеріне алған үлестері мөлшерінде мүліктік жауапкершілік көтереді.

Мұрагерлер кез келгені мұраның ашылған жеріндегі нотариалдық кеңсеге ол жөнінде арыз жазу арқылы мұраны алудан бас тартуға құқылы. Осыған байланысты айтып өтсек, мұрагер мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде мұрадан бас тарта алады. Дәлелдi себептер болса бұл мерзім сотпен екі айға ұзартылады. Ескерерлігі, мұрадан бас тартудың күшiн жоюға немесе қайтарып алуға болмайды. Сондай-ақ, мұраны шартпен немесе ескертпелермен қабылдауға жол берiлмейдi.

Егер өсиет бойынша да заң бойынша да мұрагерлер болмаса немесе олар мұрадан бас тартса, ол иесiз қалған мүлік ретінде танылып, мұраның ашылған жерi бойынша коммуналдық меншiкке өтеді. Иесiз қалған мүлiктi қорғап, басқару осы кодекстiң 1071-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Заң талаптарына сай, өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ адамдар мұрадан шеттетіледі.

Асқар Оспанбеков,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Негізсіз баюға жол берілмейді

ҚР Азаматтық кодексiнің 1119-бабының 3-бөлігінде көрсетілгендей, негізсіз баю ұғымы...

Сот актілерін орындау тәртібі және маңызы

Қазақстан Республикасында әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің маңызды элементтерінің...

В Семее осужденные изготовили макет Байтерека своими руками

Байтерек - главный символ столицы Казахстана. Так, в день...

№64 мекемесінде неке қию рәсімі өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №64...

Сотталғандарға амнистияға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ведомстволық мекемелерінде сотталғандарға...