Балаңа көңіл бөлмесең…

Қызылорда облысында орта, орта арнаулы оқу орындарының оқушы, студенттері арасында «Есірткісіз өмір ғажайып» тақырыбында фотосайыс ұйымдастырылды.

Сайыстың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық проблемаларын және қатысушылардың ақпаратты қолжетімді ұсыну арқылы олардың жеке пікірлерін баяндау мүмкіндігін түсіндіру және өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалануға тарту болып табылады. Байқауға 6-18 жас аралығындағы 200-ден астам жастар қатысты, оның ішінде сайыстың екінші кезеңіне 60 қатысушы қатысты.

Байқауда қатысушылар өз ойларын шығармашылықпен жеткізе білді, заманауи техниканың мүмкіндіктерін пайдаланып, өз суреттерінде нашақорлық проблемаларын көрсетті.

Сайыс комиссияның шешіміне сәйкес 25 қатысушы аймақтық жеңімпаз деп танылды.

Жүлдегерлер: Арал ауданының №69 орта мектеп оқушысы Қойшанова Еркеназ, Қазалы ауданының №249 орта мектеп – лицей оқущысы Мақсат Али-Имран, Шиелі ауданының №46 орта мектеп – лицей оқушысы Ақәділ Аделя, Қызылорда қаласының №3 орта мектеп – лицей оқушысы Балтабай Айзере, Қызылорда қаласының №271,280 орта мектеп оқушылары Қарғабай Жұлдызай және Мұханбетәлі Ұлан, М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледж студенттері Ғалымжан Зарина мен Абсатқызы Малика, «ORDA» жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Ғалымжанқызы Анель.

Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

Гүлбану МАҚАЖАН, Қызылорда облысы

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...