Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент қызметкерлері тергеу изоляторына экскурсияға келді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД- ға қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентігінің Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің қызметкерлері экскурсияда болды.

Мақсат – қамаудағылардың ұсталыну жағдайын көрсету арқылы әр қызметкердің санасында құқық бұзушылықтың салдары туралы түсінік қалыптастыру болып табылады.

Тергеу изоляторының қызметкерлері экскурсияға қатысушыларға шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушіледің жатақханасын, тергеу бөлмелерін, психолог пен теолог кабинеттерін көрсетті.

– Үкімнің заңды күшіне енуін немесе апелляциялық шағымды күтіп отырған айыпталушылар мен тергеудегілер мұнда 15 тәулік ұсталады. Ал кейбір сотталғандар жазасын тергеу изоляторының шаруашылық қызметтеріне қалдырылған.

Бұлар негізінен бірінші соттылығы бар, жаза мерзімі 5 жылдан аспайтын қылмысқа тартылған азаматтар.

Мұнда бір қаладан екінші қалаға тасымдаланып бара жатқан қылмыскерлер де тоқтайды.

Сондай-ақ, тергеу изоляторында, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін отырғандар да бар.

Қамаудағылардың барлығы бірдей жағдайда ұсталады. Мұнда ешқандай артықшылықтар жоқ.

Барлығы үшін 1,5 сағатқа созылатын күнделікті серуен, тамақ, төсек-орын, туыстарымен кездесу.

Камераларда сән-салтанат жоқ. Тек екі қабатты кереуеттер, алюминий шыныаяқтар мен қасықтар, торлы терезелер,темір есік пен қатаң күзетшілер.

Жемқор шенеуліктер де, уақытша осында отырады. Әрі қарай, сот шешімі шыққан соң, олар жазаны тікелей өтеу орындарына жіберіледі – деп түсіндірді режим және күзет бөлімінің бастығы, әділет майоры Төребеков Асылбек Қалдыбекұлы..

«Экскурцияға қатыса отырып, біз өте маңызды ақпарат алдық. Алған әсерлері мен ойларынан, қамауда отырудың ауырлығынан қорқып, қызметкерлеріміз сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне бармайды деп ойлаймын», — дейді, агенттіктің бас маманы Ж.Қозбағарова.

Қазақстандағы парламенттік сайлау: жаңғыру мен Орталық Азиядағы көшбасшылыққа бастайтын жаңа қадам

Алдағы парламенттік сайлау конституциялық реформадан және жалпыхалықтық референдумнан кейінгі...

Парламентские выборы в Казахстане: новый шаг на пути модернизации и лидерства в Центральной Азии

Предстоящие парламентские выборы станут закономерным этапом политических преобразований в...

Жалған адам ұрлау мен донат үшін төбелес: Қазақстанда 9 стример жауапқа тартылды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент...

Псевдопохищение и драка за донаты: 9 стримеров наказали в Казахстане

Министерство внутренних дел Казахстана привлекло к административной ответственности девять...

Отбасылық дауларды шешудегі медиацияның маңызы

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ұлттың рухани және адамгершілік...