Өрт – аса қатерлі жау

Айтып келмейтін апаттардан сақтану Қылмыстық атқару саласына қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі.

Сондықтан, мекемеде өрт қауіпсіздігіне жауапты маман бекітілген. Бұл маман Режим және күзет бөлімі ведомствалық өрт күзеті инспекторы қатардағы Бекарыс Бексейіт. Жауапты маман өз қызметін «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2014ж 9 қазанындағы № 55 Қаулысының талаптарына сай атқарады.

Мекеменің өрт қауіпсіздігі жөніндегі инспекторы ретінде өртке қарсы нормаларды, ережелерді, бұйрықтарды,нұсқауларды орындап, түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға жауаптымын.

Нақтырақ айтқанда, мекеменің жөндеу жұмыстары кезінде өртке қарсы талаптардың орындалуын қадағалаймын.

Өрттің шығуына себепкер болуы мүмкін электр қондырғылар,электр жылтқыш приборларды, өртке қауіпті электр құралдарды пайдалануға тыйым салуды қадағалау мақсатында, камералардағы техникалық қараулар үшін сотталғандарға, күдіктілер мен айыпталушыларға тінту жүргіземін.

Бұдан басқа да режимдік аумақта және ғимараттарда құрылыс заттарының қалдықтары және тез тұтанатын қоқыстарды тазалау жұмыстарын жүргізуді, құрылыс конструкцияларының оттан қорғайтын өңдеуін жаңартуының мерзімінде атқарылуын, өрт сөндіру құралдарын қайта толтырылып отыруын Тылмен қамтамасыз ету тобымен бірлесе отырып қадағалау жұмыстарын атқарамын.

Ғимаратта орнатылған өрт сөндіру құралдарының мерзімдерін, қыссыммен тексеруінің тиісті аумаққа жеткілікті болуын, ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің, өрт гидранттарының, өрт сөндіру крандарының жай-күйін Тыл бөлімінің бастығы А.Стамшаевпен бірлесе отырып жыл бойы қадағалауда ұстаймын.

Сондай-ақ, өрт апатының алдын алу, қызметкерлердің және өрт жасағының төтенше жағдайлардағы іс-қыймылдарын жетілдіру мақсатында,Қызылорда қалалық өрт сөндіру экипажымен бірлесе отырып, жылына екі рет, алты ай сайын оқу-жаттығу жұмысын жүргізуді ұйымдастырамын. Жеке құрамға өртке қарсы нұсқамадан және өрт-техникалық минумум бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмысын жүргіземін- дейді, өзінің қызметтік міндетін мінсіз атқаратын инспектор Бекарыс Бексұлтанұлы.
2022 жыл бойы мекеме аумағында ешқандайда өрт оқиғасы орын алған жоқ.

Өйткені, РжКБ-нің ведомствалық өрт күзеті инспекторы өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын маман.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекке қатысты түсіндірме берді

Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды біркелкі...

Апостиль без очередей: как цифровизация меняет систему государственных услуг в Казахстане

В условиях стремительного развития цифровых технологий Республика Казахстан последовательно...

Кезексіз апостиль: цифрландыру Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалай өзгертуде

Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында Қазақстан Республикасы...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ– ӘЛЕМДІК ЭЛИТАДА: ПЕДАГОГТАР ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ ТОП-50 ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білім беру...