Сәуірдің сенбілігі ұжымды біріктірді

Көгілдір көктемнің келуімен ,таза ауада,таза аймақта еңбек етуді қолдайтын 68 мемлекеттік мекемесінің ұжымы бүгін сенбілікке шықты. Бұл күні тергеу изоляторының жеке құрамы нысанды киімде емес, жұмыс жасауға ыңғайлы киімдерін киіп,таңғы тоғызда мекеме алдына жиналды.

Әдеттегідей мекеменің кадр саясат тобы өзгелерден ерте келіп,қызметкерлерге сенбілікке қатысты жұмысты бөліп берді. Ауыызбірлігі мықты ұжым, бір үйдің баласындай бірлесе жүріп,ортақ мекені жұмыс орыннындағы аула аймағын тазалап шықты .

Әйел азаматшалар,сыпыру, су себу, терезе жуу жұмыстарын атқарды. Сен үлкен ,мен кіші демей, жұмыла жүріп біраз іс тындырды.

Мекеме қоймасының қызметкері Даутбаева Қарлығаш, мұрағатшы Абсалямова Қарлығаштар үлкендігін танытып, жастарға үлгі болсын деп, еңбекке білек сыбана кірісіп кетті.

Бірі терезе жуды, бірі су шашып, аумақты сыпырып тазалады. Бұны көрген жастар қарап тұрмай, қоқыстарын алып, көмектесіп іздеріне ерді. Тыл бөлімінің инспекторы Жатыра Танбаева мен Кеңсе инспекторы Қарашаева Гүлмира да аула тазалығына ерекше ұқыпттылықпен қарады.

Ал, әділет капитаны М.Тұрымбетов тергеу изоляторы аймағындағы қоқыстарды тазалау үшін жеке құрамның жігіттеріне күрек,кетпен беріп , еңбекті оңтайлы ұйымдастыра білді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген, екі сағат ішінде мекеме аумағы мұнтаздай таза болып,жарқырған кейіпке енді. Жауапкершілікпен тиянақты атқарылған жұмысқа мекеме бастығы ,әділет майоры Қайырбек Ильясов дән-риза болды.

Үлкендерге рахметін білдіріп, жастармен әзілдесіп, көтеріңкі көңіл сыйлады. Осылайша, сәуірдің сенбілігі жәй тазалау жұмысы ғана емес,ұжымды біріктірген көңілді күн болып өтті.

Әйелдер колониясында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

В женской колонии области Абай прошло праздничное мероприятие ко Дню Победы

В преддверии Дня Победы в Великой Отечественной войне в...

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясының қызметкерлері...