Ақтөбе облысында дінтанушы пробация есебіндегі сотталғандардың діни сауатын арттырды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Ырғыз ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен «Аңсар» қоғамдық бірлестігінің дінтанушы теолог маманы Ұзақбай Әділжан «Теріс ағымның кері әсері», «Дін және тәрбие» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Дінтанушы кездесуде сотталғандарға жат ағым жөнінде мағлұматтар беріп, дін-экстремизм турасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Дінтанушы теолог маман Ұзақбай Әділжан кездесу барысында сондай- ақ, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған жастарды әлеуметтік желідегі дінге бағытталған түсініксіз ақпараттардан аулақ болуға, таратпауға шақырды.

Іс- шараның мақсаты — сотталғандар арасында теріс ағымның кері әсерін түсіндіру, діни сауаттылықты арттыру, дінге дұрыс көзқарас қалыптастыру. Сонымен қатар, есепте тұрған сотталған азаматтарға деструктивті діни ағымдандардың сипаты және олардан сақтану жолдарын түсіндіру болып табылады.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...