Ақтөбеде №9 қоныс колониясының қызметкерлері жазғы киім үлгісіне көшіп, саптық тексерілді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №9 мекемесінде жеке құрамның жазғы киім нысанына көшуіне орай жоспарлы саптық байқау ұйымдастырылды.

Жеке құрамды сапқа тұрғызған №9 мекемесінің кадр саясаты тобының кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі инспекторы әділет лейтенанты Еламан Мамшай және осы топтың аға инспекторы әділет аға лейтенанты Азиза Абилхайрова, мекеме қызметкерлерінің нысанды киім-кешектері мен олардың сыртқы түрінің белгіленген нормаларға сәйкестігін тексеріп, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуын және сәйкестігіне тексеріс жүргізді.

Аталған іс-шараның мақсаты — жеке құрамның нысанды киім киіп жүруі мен сыртқы келбетін ұстау ережелерін сақтауын, сондай-ақ, қызметкерлердің жазғы кезеңде іс-қимыл жасауға дайындығын тексеру болып көзделеді.

«Жоспарлы саптық байқау жүйелі түрде, яғни жылына екі рет — көктемде жазғы киім нысанына ауысқан кезде және күзде қысқы киім түріне өткен кезде өткізіледі. Саптық байқауда қызметкерлердің саптық дайындық дағдыларын, нысанды киім кию ережелерін сақтауы, қызметтік куәліктері, лауазымдары мен шендері тексерілді.
Әрбір Ішкі істер органының қызметкері сыртқы киім үлгісі ұқыптылығымен ерекшеленіп, заңнаманы білуі тиіс»,- дейді № 9 мекемесінің кадр саясаты бөлімнің қызметкерлері.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

Әйелдер колониясында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

В женской колонии области Абай прошло праздничное мероприятие ко Дню Победы

В преддверии Дня Победы в Великой Отечественной войне в...

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясының қызметкерлері...