Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД- ға қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде, мемлекетіміздің өркендеуіне теріс әсерін тигізетін сыбайластықты болдырмау мақсатындағы жұмыстарды мекеменің кадр саясат тобымен ұдайы ұйымдастырылып тұрады.
Нақтырақ айтсақ, жақында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті Первенция басқармасының бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы және осы басқарманың аға офицері Жүсіпалиев Жандос арнайы шақыртылып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Алғашқы болып сөз алған бас маман «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдың жаңа тетіктері» деген тақырыпта баяндама оқыды.
Баяндамасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2022ж 2 ақпанындағы №802 жарлығымен шыққан ҚР-ның 2022 — 2026 жж арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатынының тұжырымдамасында жазылған негізгі мазмұны және мемлекет басшысының тарапынан шыққан бірқатар бұйрықтар мен заңдары жөнінде тарқатып, оқып берді.
Ал, аға офицер Жүсіпалиев Жандос: 2022 жылдағы Қызылорда облысындағы сыбайлас жемқорлық бойынша орын алған фактілерге шолу жасай келіп,
кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде.
Соның ішінде ішкі істер органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылыққа бару әрекеттері кездесіп тұрады, мұндай әрекеттің алдын алу және жол бермеу әрбір жеке құрам қызметкердің міндеті және борышы екенін ұмытпаңыздар.
Құқық саласының қызметкерлері заңдылықтарды ескере отырып, ешқашан жемқорлыққа жол бермеуі керек — деп, қатысушыларды заң талаптарын орындауға шақырды.
Шара соңында туындаған сұрақтарға жауап беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетілді.
Бейнероликтен ой түйген жеке құрам сыбайлас-жемқорлық заң бұзушылығына барудың салдарының өте ауыр болатынын, қылмыстық жауакершілікке, жұмыстан қуылу, отбасылық қиыншылықтарға, бір сөзбен айтқанда жемқорлық әрекеттер әрбір қызметкердің болашағына балта шапқанымен бір деген қорытындыға келді.