Жұмысқа орналасу- қайталанба қылмыстарды алдын алудың негізгі әдістерінің бірі. Қоғамнан оқшауланбай жазасын өтеп жатқандарға мұндай көмек олардың одан әрі өмір жолын таңдауында негіз бола алады, сонымен қатар табысты қайта әлеуметтенуге мүмкіндік береді.
2023 жылдың басынан бастап Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімінің инспекторлары ресми түрде 4 сотталғанды жұмысқа орналастырды. Бүгінгі таңда олар «Основание» ЖШС, «Тоир» ЖШС, «Петропавл Коммунхозы» ЖШС, «Сұлтан» АҚ және т. б. жұмыс істейді.
Сондай-ақ, пробация қызметінің инспекторлары «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ арқылы жұмыссыз сотталғандарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі жеке бағдарламаны іске асыруда. Мұндай жұмыспен қамту жазаны өтеу кезеңінде де, одан кейінгі кезеңде де адамдарға оң әсер етеді.