ҚАЖ қызметкерлері мылтықтар жымқырылған орын анықтады

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №57 мекеме қызметкерлерінің жедел ақпараты бойынша, мекеме және ҰҚҚК қызметкерлерімен мылтықтар жасырылған орын анықталды.

Қапшықтарға салынған 16 калибрлі тегіс қос ұңғылы ТОЗ маркалы аңшылық мылтық және қос тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтын кесігені Талдықорған қаласының Көктал ауданында орналасқан «Дубки» демалыс аймағының маңынан табылған.

«Бұл факт Талдықорған қаласының Полиция бөлімінде тіркеліп, ҚР ҚК 287 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот баллистикалық сараптама тағайындалды»,- деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Естеріңізге сала кетейік, жыл ішінде Алматы облысы мен Жетісу облысының ҚАЖ қызметкерлері жиырмаға жуық қару мен екі мыңнан астам түрлі калибрлі оқ-дәрілерді анықтап, тәркілеген болатын.

Әйелдер колониясында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

В женской колонии области Абай прошло праздничное мероприятие ко Дню Победы

В преддверии Дня Победы в Великой Отечественной войне в...

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясының қызметкерлері...