Астана қаласы прокуратурасы және ҚАЖД-нің қызметкерлері жұмыс кездесуін өткізді

Астана қаласының прокуратура, ҚАЖД қызметкерлері және №3 мекеме басшылығының қатысуыменен сотталғандарды көтермелеу және жазалау шараларын қолдану практикасы мәселесін талқылау бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.

Қазақстан Республикасының Конституциясымен мемлекет қызметінің басым бағыты адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып айқындалды. Бұл талап қазақстандық қоғамның бір бөлігін құрайтын сотталғандарға да қолданылады. Сондықтан мәжбүрлеу шараларымен қатар оларға әсер етудің басқа әдістері де қолданылуы керек. Солардың бірі-жазаны өтеу барысында сотталғандардың құқықтық бағынышты мінез-құлқын ынталандыру процесінде прогрессивті жүйені іске асыру арқылы болып табылады.

Прогрессивті жүйе қылмыстық жазалардың орындалуын дараландыруды жетілдіру әдісі бола отырып, сотталғандарды ұстау тәртібі мен шарттарын айқындауға, сондай-ақ жазаны өтеу шарттарын олар түзелуіне қарай өзгертуге сараланған және жеке тәсілді жүзеге асырады.

Жазаның орындалуын қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік шаралардың барлық кешенін ізгілендіру және еркіндікке ұмтылу жағдайында прогрессивті жүйе ерекше маңызға ие болады. Сотталушының жаза өтеу барысында құқықтық жағдайы оның мінез-құлқына тікелей тәуелді екенің білдіре отырып, оны заңға бағынатын мінез-құлыққа ынталандырады.

Жазаны орындаудың прогрессивті жүйесінің құралдарының бірі сотталған адамның мінез-құлқына байланысты оған қатысты көтермелеулерді немесе тәртіптік жазаларды қолдану болып табылады.

Әрбір көтермелеу нақты іс-әрекеттер үшін қатаң жеке сипатта болуға, қандай нақты іс-әрекет үшін сотталған адам күні, уақыты, іс-шараның атауы және т.б. көрсетіле отырып, көтермеленетіні туралы қаулыда егжей-тегжейлі дәлелденуге және қажет болған жағдайда фото/видео материалдармен қоса берілуге тиіс. Сонда ғана ынталандыру түзету және қайта тәрбиелеу процесінде тиімді факторға айналады. Сотталғандардың жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзу фактісі бойынша талқылау жүргізу кезінде сотталғанды қолданыстағы нормаларға сәйкес заттай және өзге де қажетті заттармен қамтамасыз етуді ескеру қажет — деп атап өтті Астана қаласы прокуратура басқармасының аға прокуроры Дархан Мирашев.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметшінің кәсіби міндеті

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілдің мәртебесі елдің негізгі заңымен бекітілген....

Дербес кассациялық сот құрудың маңызы

Қазіргі құқықтық мемлекет жағдайында сот жүйесінің тиімділігі мен әділдігі...

Қарағанды облысында мемлекеттік қызметтің тиімділігі артты

2025 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы...

Әскери қызметшілердің құқықтарын қорғаудағы сот төрелігінің ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуында азаматтардың, соның ішінде...

Әскери соттарда сот отырыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының әскери соттар жүйесі еліміз егемендік алғаннан кейін...