Қызылордалық кәсіпкер әкімшілік кедергілер үшін жер учаскесін ала алмаған

Қызылорда облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкер жер учаскесін алу кезінде әкімшілік кедергілерге кездескенін айтып өтініш білдірді.

Кәсіпкер жергілікті атқарушы органнан жылыжай салу үшін Қызылжарма ауылында 0,01 га жер учаскесін сұраған. Алайда уәкілетті орган кәсіпкер сұраған жерден  үш есе көп 0,03 га жер учаскесін аукционға қойған.  

Салдарынан тиісті қаражаты болмай кәсіпкер бұл аукционға қатыса алмаған. Департамент жауапты сала мамандарының қатысуымен жиын өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде кәсіпкердің өтінішіне сәйкес, жергілікті атқарушы орган 0,01 га. жер учаскесін сатып алуға аукцион өткізу туралы шешім қабылдады. Осылайша кәсіпкер аукционға қайта қатысуға мүмкіндік алды.

Әйелдер колониясында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

В женской колонии области Абай прошло праздничное мероприятие ко Дню Победы

В преддверии Дня Победы в Великой Отечественной войне в...

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясының қызметкерлері...