Қызылордада 99 жеке балабақша қосымша 828 млн. теңгеге қаржыландырылады

Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мектепке дейінгі білім беру саласындағы бизнестің жүйелі мәселелерін шешті.

«Атамекен» ӨКП алаңында жеке қабылдау барысында бірқатар кәсіпкерлер жеке балабақшаларды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру кезінде іріктемелік тәсіл қолдану мәселесі бойынша жүгінді.

Өтініш уәждері мен қажетті құжаттаманы (НҚА, жарғылар, келісім-шарттар және т.б) зерделеу нәтижесінде қалалық 208 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарының 99-ы балалардың 10,5 сағаттық болуымен жұмыс істегеніне қарамастан, төлемдер 9 сағаттық коэффициент бойынша жүргізілгенін анықталды. Тиісінше, олар тиісті қаржыландыруды алмаған.

Осы мәселе бойынша Департамент қалалық әкімдік пен білім бөлімі басшылығын шақыра отырып, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер ұйымдастырды.

Бірлескен жұмыс нәтижесінде жергілікті атқарушы орган шамамен 828 млн.теңге сомасына 10,5 сағаттық коэффициент бойынша 99 жекеменшік балабақшаны толық қаржыландыру туралы шешім қабылдады. Осылайша, «Бизнеске жол» жобасы аясында Департаментпен жоғарыда аталған кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделері қорғалды.

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...