Пробация есебіндегі азаматтар сала мамандардан кеңес алды

Сырдария аудандық прокуратурасының ұйымдастырумен аудандық полиция бөлімінде пробация есебіндегі сотталғандармен кездесу өткізілді. Аталған жиналысқа денсаулық сақтау, әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту органдарының қызметкерлері қатыстырылды.
Кездесу барысында сотталғандарға қайта қылмыс жасаудың алдын алу бағытында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса медициналық және әлеуметтік көмек алу, жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілді орган мамандарымен құқықтық кеңестер берілді.

«Мен бүгінгі қабылдауда болып, көкейімде жүрген сұрақты қойдым. Жеке кәсіп ашсам деген ниетім бар. Мемлекет қосымша қандай көмек берілетінін және ол көмекті алу жолын сұрап білдім. Осындай қабылдауларды, кездесулерге жиі қатыстырып, ұйымдастыратын пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз»,- деді есептегі сотталған азамат.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...