Алматыда Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты

Алматыда Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, ол 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Мамайды құқықбұзушылық жасады деп айыптау іс қаралды: билік өкілдерін қызметтік міндеттерін пайдалану кезінде қорлау, көрінеу жалған ақпарат тарату және жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру (378-бап 2-бөлігі, 274-бап 2-бөлігі 3-тармақ, 272-бап 1-бөлігі).

Сот үкім шығару кезінде сотталушының оң қасиеттерін және асырауында үш кішкентай баланың болуын ескерді. Ешқандай ауырлататын мән-жай анықталмады. Мамай кінәлі деп танылды.

«Бұл ретте билік өкілдерін қорлағаны үшін — ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты өндіріс тоқтатылды. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны және ҚР ҚК-нің 63-бабының негізінде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды — шартты түрде, әлеуметтік желілерде қоғамдық-саяси қызметпен және публицистикалық қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға айыра отырып. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», — деп хабарлады Алматы соты.

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...