Жемқорлықпен күресу парыз hәм міндет

              Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті әрі жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономика саласы заңдарын бұзып,  еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді.Сөйтіп, шетелдік инвестиция тартуға басты кедергілердің біріне айналады.

              Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс қоғамға  қауіпті де ауыр әрекеттердің бірі —  пара алу екені белгілі. Өзге адамдар есебінен байу   ар алдында —  арамдық, заң алдында —  қылмыс болып есептеледі.Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдарындағы қауіптілігі мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауда беделін түсіретін өкілеттілігінің және қатаң құқықтық есеп берудің,қадағалаудың жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады.  

              Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады.

              Бұл заң жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр.

              Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

              Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын-алу және оны жасаған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекаралық қызмет, қаржы және әскери полициясы органдарымен жүзеге асырылады.

              Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы ауызша хабарламалар мен жазбаша арыздар қылмыстың жасалу орны мен уақытына қарамастан құқық қорғау органдарында тәулік бойы қабылданады.

              Алайда сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесі тек құқық қорғау органдары қызметкерлерімен шешіле салатын проблема еместігіне

көпшіліктің көзі жетті.

              Сондықтан, бұл жағдайға әрбір азаматтың саналы көзқараспен баға беріп, кез келген заңсыздық, құқық бұзушылық әрекеттерді тиісті орындарға жасырмай хабарлап, оған мезгілінде заңды тұрде тойтарыс берілуіне септігін тигізуі қалыпты қажеттілікке айналуы тиіс.

С. Мурзиева,

Алматы қаласы Әділет депратаментінің

тіркеу қызметі саласындағы

әдістемелік қамтамасыз ету және

бақылау бөлімінің жетекші маманы.  

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...