Пробация есебіндегі тағы бір азамат қайтарымсыз грант ұтып алды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Арал аудандық пробация есебіндегі С.есімді сотталған «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде Атамекен кәсіпкерлік палатасында оқытылып, мал шаруашылығын дамыту бойынша бизнес жобасын дайындап, 1млн 380мың теңге көлемінде мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант ұтып алды.

Мемлекет тарапынан біз секілді азаматтарға қолдау көрсетіп, қайтарымсыз грант бөлініп жатқандығы бизнес жобамыздың жандануына септігін тизгізгеніне өте қуаныштымын. 2022 жылдың қараша айынан бастап Арал аудандық пробация есебіне алындым.Тұрақты жұмысым болмаған соң жеке кәсіп ашсам деген ниетпен пробация қызметкерлерінен құқықтық көмек алып, нәтижесінде мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алдым. Мал шаруашылығымен айналысып,кәсібімді жандандырсам деймін. Жаза басып жаңылған уақытта қолдау көрсеткен, отбасыма да көмек бергім келеді.Пробация қызметкерлеріне де алғысым шексіз! -, дейді сотталған азамат.

— Мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз гранттарға пробация есебіндегі азаматтар да белсенділік танытып, бизнес жобаларын дайындап комиссия мүшелеріне ұсынуда. Солардың ішінде осы сотталғанның бизнес жобасы мақұлданып, мемлекеттен қайтарымсыз грант берілді. Жаза басып жаңылған азаматтардың жеке кәсіпке бет бұруы бізді де қуантады»,-деді аудандық пробация қызметінің бастығы Серік Сейталиев.

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...