Сотталғандардың қолдарымен жасалған бұйымдардан көрме өтті

Жыл сайын сотталғандар өздерінің қолөнер бұйымдарын Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті тарапынан ұйымдастырылатын көрме — жәрмеңкелерге шығарып, жеке кәсіпкерлерге ұсынып келеді.

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №15 және №79 (ерлерге және әйелдерге арналған түзеу мекемелері) мекемелеріндегі жаза өтеуші сотталғандардың қолдарымен жасалған бұйымдарын жеке кәсіпкерлерге көрсету арқылы кәсіпкерлердің назарын мекемеге аудару мақсатында көрме өткізілді.


Көрмеге арнайы Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №15 және №79 мекемесіндегі жаза өтеуші сотталғандарды ақылы жұмыспен қамтып отырған РМК «Еңбек-Батыс» филиалының және «ЭРТРИ», «Белый квадрат», «Адай», «Asma», «Каусар», «Алмаз», «Суиесенова», «AYAS Safety» жеке кәсіпкерлерінің өкілдері шақыртылып, түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілердің өз қолдарымен жасалған бұйымдары таныстырылды. Көрмеге арнайы жергілікті атқарушы органдар және облыстағы басқа да жеке кәсіпкерлер қатысты.
Көрменің негізгі мақсаты облысымыздағы түзеу мекемелерінде жазаларын өтеуші сотталғандарға қосымша жұмыс орындарын ашу және Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №15 және №79 мекемелеріндегі жеке кәсіпкерлердің шығарып жатырған өнімдерін кеңінен насихаттап, тұтынушылардың назарына ұсыну болды.
Көрменің тиімділігі — көрмеге келген жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлер қалаған бұйымдарға тапсырыс беруге мүмкіндік алды.
Мұндай көрмелер алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...