Тергеу изоляторы қызметкерлері қару тапты

Қылмыстық атқару саласының № 68 республикалық мемлекеттік мекемесінің жедел бөлімі қару тапты. Мекеменің жедел бөлімі қызметкерлеріне қаладағы сол жағалау мөлтек ауданы, № 8 үйдің артындағы жазық далада талдың астында, атыс қаруы жасырылған болуы мүмкін деген хабарлама келіп түскен.

Келіп түскен ақпарат бойынша қызметкерлер Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті жедел тобымен жедел, оқиға орнына барды.

Анықталған дерек бойынша Қызылорда қаласының ПБ — ның жедел тергеу тобы шақыртылып, аталған қарулар мен оқтар алынды. Яғни, жедел ақпаратты тексеру барысында жоғарыда көрсетілген мекен жай аумағында аударылған талдың арасынан ақ матаға оралған ұңғысы кесілген № и -5180 нөмерлі, 16 калибрлі аңшы мылтығы және 3- дана 16 калибрлі оқтар анықталды.

Қарудың атуға жарамдылығын тексеру үшін сараптамаға жіберілген болатын.

Бүгінгі таңда сараптама қорытындысымен атуға жарамды екені анықталды.

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...