Алматы қаласының ҚАЖ департаментіне қарасты №11 республикалық мекемесінде, САӘПТЖБ карантин бөлімінің бастығы, әділет аға лейтенанты С.Бектемировтің ұйымдастырумен жазасын өтеуші жасөспірімдермен,Алматы дизайн және мода колледж студентері және тренерлері Сейітов Мадияр және Барах Мейрамбек, Алматы логистика және көлік академиясының колледжінің тренері Қасым Еділ және студентерімен командалық спорттық жарыс «Көңілді стартқа» қатысты. Спорттық іс-шара 5-түр бойынша өтті.Эстафета, Қол күрес, Арқан тарту, Кір тасын көтеру, Турник-брусия.
Ойын тартысты қызықты өтті. Командалық жарыста екі команда №11 мекеме командасы және Алматы логистика және транспорт колледж командалары жалпы ұпайлары тең түсіп, 1-орынға таласып, шағын футболдан 2:3 №11 мекеме командасы жеңіске жетті. Төрешілердің шешімі бойынша 1-орын №11 мекеме командасы ие болса, 2-орынға Алматы логистика және көлік академиясының колледжі, 3-орын Алматы дизайн және мода колледжі ие болды. Жарыс соңында жеңімпаз командалар мақтау қағаздармен марапатталды.Мұндай спорттық іс-шараның мақсаты: жасөспірмдердің денсаулықтарын нығайту, оларға спорттың денсаулыққа пайдалы екенін түсіндіру,салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып табылады.
№11 мекеме Еркегүл Жеңісхан


