Ақтөбе қаласында пробация есебіндегі сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша ақпараттық насихаттау түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша идеологиялық, ақпараттық насихаттау түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға жұмыспен қамту орталығына келіп түскен барлық тұрақты бос жұмыс орындары, кәсіп ашу үшін мемлекеттік гранттар және шағын несие алу, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік оқытулар, біржолғы көмек түрлері туралы бірқатар ақпараттар берілді.

Аталған іс- шараға Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 10 азамат қатысып, нәтижесінде 5 азаматтың біреуі — оқыту курсына жазылды, 4-еуі нарықтағы сатушы, логистик мамандарына жолдама алды. Ал қалған 5 азамат өздеріне ұсынылған жұмыстардан бас тартты.

«Мұндай іс- шаралар Пробация есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар арасында жұмыссыздықтың санын азайту үшін жүйелі түрде, атап айтқанда Ақтөбе қалалық прокуратурасымен келісілген жоспарға сәйкес айына 2 рет өткізіліп тұрады»,- дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Жұмагүл Ешниязова.

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...