Ақтөбеде қоныс колониясындағы сотталғандарға бостандыққа шыққаннан кейінгі әлеуметтік көмек түрлері түсіндірілді

Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары Нұрбол Болатұлы және Сапар Иманбаев, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №9 мекемесіндегі жазасын өтеушілерге «бостандыққа шыққаннан кейінгі мемлекеттік қолдаулар және әлеуметтік көмек түрлерін» түсіндірді.

Орталық мамандары кездесу барысында сотталғандарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, қайтарымсыз гранттар, жастарға шағын несие беру және басқа да мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет түрлері туралы толық ақпараттарды айтты. Сонымен қатар, кездесуде жазасын өтеушілерге жұмысқа орналасу және кәсіптік оқуға жолдамалар алу үшін тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту орталықтарына жолығуға болатындығы айтылды.

Жұмыспен қамту орталығының мамандары сондай- ақ, сотталған азаматтардың мекемеден босап шыққаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, яғни мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау түрлерін атап өтті. Сол секілді «Еңбек» бағдарламасы аясында қысқа мерзімді жеңілдетілген кәсіби оқулар туралы, ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысымен бекітілген «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері, табысы төмен отбасыларға берілетін бір реттік және ай сайын берілетін ақшалай әлеуметтік көмек түрлерімен толық таныстырды.

Іс- шарада тұрақты жұмыс орындарына орналасу және әлеуметтік көмек түрлері жөнінде ақпараттандырған жазасын өтеушілердi жұмыспен камту бөлiмiнiн қызметкерлерi жеке-жеке қабылдап, сұрақтарына жауап берді.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...