Сот жұмысын жаңғырту, оның ішінде дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамыту ұдайы назарымызда. Елімізде қолданысқа еніп, тиімді тәсіл, ұтымды заңңама ретінде өз өміршеңдігін көрсеткен «Медиация туралы» заң уақыт өте келе өз аясын кеңейтуде.
Біздің қоғамда азаматтық даулар өзге санаттарға қарағанда едәуір көп екені белгілі. Судьялар қарайтын істері көбейіп, жүктемелері артып отыр. «Арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей»- дауды екі жақтың пайдасына теңдей шешуді көздейтін медиация заңдылығы дәл осы азаматтық дауларда өте тиімді.
«Медиация туралы» заңның қолданыста болғанына 10 жылдан асты. Осы уақыт ішінде елдегі даукестікті төмендетіп, келіспеушіліктерді өзара келісіммен, бітіммен шешудің барлық мүмкіндіктері жасалды. Алғашқы кездегідей емес, заңдарға енгізілген оң өзгерістердің нәтижесінде тараптарды татуластыруға тек медиаторлар ғана емес, сонымен бірге екі тараптың адвокаттарының атсалысуына жол ашылды. Бүгінде партисипативтік келісімге келіп жатқандар саны да өскен. Одан бөлек, татуластыру рәсімдеріне судьялардың да араласуы медиациямен аяқталатын істердің санын айтарлықтай арттырды. Өйткені, біздің азаматтардың түсінігінде арыз-шағым тек сотта қаралып, дауға тек судья ғана нүкте қоюы керек түсінік берік орныққан.
Қазір елімізде сотқа дейін де, соттың өзінде де татуласуы үшін жан-жақты жағдай жасалған. Сотка дейінгі татуласу бойынша кәсіби медиаторлар мен баска да мамандар жұмыс істейді. Олардың міндеті келіссөз жүргізу, екі жаққа қолайлы, көңілге қонымды шешім іздеу және ұсыну. Татуласудың басты артықшылығы — ол тек дауды реттеп қана қоймай, сонымен бірге қарым-қатынасты сақтап, қалпына келтіреді. Тараптар өз еркімен, саналы түрде ортақ келісімге келеді. Медиаторды әрбір адам өзі таңдаған соң жемқорлыққа да жол берілмейді.
Азаматтық істер бойынша соттан тыс және сотқа дейінгі істерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодекске (әрі қарай-АПК) өзгертулер мен түзетулер енгізілін, «сотқа дейінгі хаттама» жобасы өз жұмысын бастады. Жаңа өзгеріске сәйкес, судья- бітімгер ең алдымен талап қою келіп түскеннен кейін 5 жұмыс күн ішінде қүқық нормаларының жиынтығын тексереді. Соған сәйкес көрсетілген мерзімде талап қоюды қайтару не қабылдаудан бас тарту туралы мәселені шешеді. Ал татуластыру рәсімдерін жүргізу кезінде талап қоюды қабылдау 10 жүмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жобаның негізгі мақсаты — тараптарды сотқа дейін татуласуға, дұрыс шешім қабылдау үшін қосымша уақыт беруге арналған. «Сотқа дейінгі хаттама» аясындағы жұмыс тәртібіне тоқталсақ. Сотқа арыз келіп түскен соң сот тараптарды заң нормаларына сәйкес татуластыру рәсіміне қатысу үшін шақырады және сотқа дейінгі хаттаманың үлгісін қоса жолдайды. Судья дауды бейбіт жолмен шешудін баламалы тәсілдерінің мүмкіндіктері мен тиімді тұстарын түсіндіреді. Егер тараптар дауды сотқа дейінгі хаттамасыз ортақ мәмілеге келіп аяқтаймыз деп шешсе, сот 10 күн ішінде істі қарауға тағайындайды. Ал дауды сотқа дейінгі хаттама толтырып, бітіммен аяқтайтын болса, сот 15 күннен кешіктірмей азаматтық істі қарауды тағайындайды. Бұрын талап қою арызы бес жұмыс күні ішінде қабылданатын. Сондай-ақ сотқа дейінгі хаттамада тараптар өз талаптарының немесе қарсылықтарының негізін, дәлелдерін сот талқылауына дайындау сатысында ұсынуы керек, АПК-нің 73-бабы 2-бөлігінде көрсетілгендей, сотқа дейінгі хаттаманы жасамаудың салдары бар. Мұны хаттаманы жолдаған кезде тараптарға түсіндіру қажет. Өйткені, тараптар сот отырысы барысында тек сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқылы. Яғни, егер тараптар мұндай кұқықты пайдаланбаса, онда сот отырысында олардың дәлелдемелерді ұсыну құқығы шектеледі. Осыдан кейін олар дайындық кезінде дәлел келтірмеу себебін дәлелдеуге мәжбүр болады, Бұл жаңа институт біріншіден тараптардың өз мүмкіндіктерін саралап, нақты шешім қабылдауға көмектеседі.
Қазақта «Кең болсан, кем болмайсын» деген аталы сөз бар.
Татуластырушы судья үшін тараптардың ортақ мәмілеге келіп, іс бейбіт, бітім жолымен аяқталғаны дұрыс. Бітім қай кезде де бейбітшілік пен тұрақтылық бастауы.
Жақсыгүл САРБАСОВА,
Шиелі аудандық сотының судьясы,
Қызылорда облысы