17 сәуірде Алматыда бірқатар жолдар жабылып, кейбір қоғамдық көліктер тоқтайды

17 сәуірде Алматы жартылай марафоны өтеді. Осыған байланысты Алматы қаласы әкімдігіндегілер жолдардың бір бөлігі жабылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы жартылай марафонының өтуіне байланысты 16 сәуір күні сағат 23:00-ден 17 сәуірде сағат 13:00-ге дейін жарыс өтетін жолдарда қозғалыс тоқтатылады. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Осыған байланысты мына жолдар жабық болады:

  • әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс 16 сәуір күнгі сағ. 23:00-ден 17 сәуір күнгі сағ. 13:00-ге дейін жабық болады. Оңтүстік жағы сағ. 7:20-дан 8:20-ға дейін жабық болады.
  • әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:00-ден 11:30-ға дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
  • әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Шашкин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 03:00-ден 11:30-ға дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
  • Сейфуллин даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:30-дан 10:00-ге дейін толық жабылады.
  • Абай даңғылының оңтүстік жағында Саин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:20-дан 13:00-ге дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
  • Саин көшесінің шығыс жағында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:00-ден 11:30-ға дейін жабылады. Батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Сот отырысының хатшысы – сот төрелігін жүзеге асырудағы маңызды тұлға

Сот жүйесі – заң үстемдігін қамтамасыз ететін, азаматтардың...

Жарма ауданында пробация есебіндегі азаматтармен психологиялық тренинг өткізілді

Жарма ауданының пробация қызметі Жарма ауданы прокуратурасының өкілдерімен және...

ЭЛЕКТРОНДЫҚ СОТ ТӨРЕЛІГІ – ЗАМАНАУИ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Қазіргі таңда цифрлық технологиялар қоғам өмірінің барлық саласына кеңінен...

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ ТӘРТІБІ – ХАЛЫҚПЕН ТИІМДІ БАЙЛАНЫСТЫҢ НЕГІЗІ

      Мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттарының бірі – азаматтардың...

ПОЛИЦИЯ ҮЙІНІҢ АЛДЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАРАМСЫЗ ДӨҢГЕЛЕК ЖИНАП, ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері өңірдегі тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын...