15 сәуірден бастап қандай мобильді аударымдар табыс ретінде есептелуі мүмкін?

Қазақстанда 15 сәуірден бастап кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері бар Қазақстандықтардың мобильдік аударымдарын қадағалау туралы Қаржы министрінің бұйрығы қолданысқа енгізіледі. Тексерудің бірінші кезеңінде мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары қамтылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрінің 29 наурыздағы бұйрығымен жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша жүзеге асырылатын операцияларды кәсіпкерлік қызметтен кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу критерийлері бекітілді.

Құжатқа сәйкес, бір жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шотына қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан ақша түссе, онда бұл операциялар кәсіпкерлік қызметтен кіріс алу белгілері бар операциялар қатарына жатқызылады.

2025 жылға дейін екінші деңгейдегі банктер қолда бар санаттарды толықтыра отырып, жеке тұлғалардың мынадай санаттары бойынша мәліметтерді кезең-кезеңімен мемлекеттік кіріс органдарына беретін болады деп көзделуде:

I кезең — (2022 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін) –мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілгендер және олардың жұбайы бойынша;
II кезең  — (2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін) – бюджеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайы;
III кезең — (2024 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін) – заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайы, жеке кәсіпкерлер (ИП) және олардың жұбайы;
IV кезең — (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап) – халықтың қалған санаты бойынша ақпарат беріледі.

«Бұйрық жеке тұлғалардың, адал салық төлеушілердің жеке аударымдарына еш қатысы жоқ.. Ол салықтық мониторинг жүргізу кезінде тиімділікті арттыруға, заңнама нормаларын сақтауға және салықтан жалтарудың алдын алуға бағытталған», — деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...