Әкімшілік талап қоюмен сотқа жүгіну мерзімдері

Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзмдерді өткізіп алу себептері мен олардың мәнін әкімшілік істің дұрыс шешілуі үшін сот алдын ала тыңдауда анықтайды.

Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.

Сондықтан, сотқа жүгінетін тұлғаларға талап қоюды уақытылы, заңда көзделген мерізімде беру өте маңызды.

Әкімшілік талап сотқа әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе заңда белгіленген тәртіппен талап қоюшының назарына жеткізілген кезден бастап бір ай ішінде беріледі.

Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделген немесе шағымды қарайтын орган болса, онда дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде сотқа беріледі.

Әрекет жасау туралы талап қою адамға әрекеттің жасалғаны туралы мәлім болған, сондай-ақ әрекет жасау үшін заңда белгіленген мерзім өткен күннен бастап бір ай ішінде сотқа беріледі.

Тану туралы талап қою сотқа тиісті құқықтық қатынас туындаған кезден бастап бес жыл ішінде беріледі.

Бұдан былай заңды күші жоқ, ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні заңсыз деп тану туралы талап адамға осы акт арқылы оның құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылғаны туралы мәлім болған күннен бастап үш ай ішінде мәлімделуі мүмкін.

Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы талап қою осы актімен талап қоюшының Конситутциямен және заңдармен кепілдік берілген құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны және (немесе) ықтимал бұзылуы туралы өзіне белгілі болған күннен бастап үш ай ішінде сотқа беріледі.

Сот орындаушысының әрекетін немесе әрекетсіздігін даулау туралы талап  атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органының не оның бөлімінің немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының не жеке сот орындаушысының шешімі алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сотқа беріледі. Яғни істің бұл санаты бойынша дауды сотқа джейінгі реттеу тәртібі көзделген.

Ал, құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері әкімшілік актіде қозғалатын, бірақ әкімшілік рәсімге қатыспаған адам әкімшілік актінің қабылданғаны туралы адам білген немесе білуі мүмкін болған күннен бастап бір ай ішінде сотқа талап қоюды беруге құқылы.

Шағымды қарайтын органға шағым берген адам шағым бойынша шешім табыс етілген кезден бастап бір ай ішінде не шағымды қарау мерзімі өткен соң, егер шағым бойынша шешім қабылданбаса, талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.

Егер заңды белгіленген сотқа жүгіну мерізімі дәлелді себеппен өткізіп алынған болса, онда мерзім Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің қағидалары бойынша қалпына келтіруі мүмкін.

Талап қоюшы сотқа жүгіну мерзімін дәлелді себепсіз өткізіп алса не сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартса талап қою қайтарылады.

Өткізіп алған процестік мерзімді қалпына келтіруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым берілуі, прокурордың өтінішхаты, наразылығы келтірілуі мүмкін, ал процестік мерзімді қалпына келтіру туралы соттың ұйғарымы шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.

А.Ж.Абилгазина, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Апостильдеу туралы құқықтық насихаттау

Қазіргі таңда азаматтардың шетелге оқуға түсу, жұмысқа орналасу,...

Ана тілінің құндылығы

Менің тілім – менің қазынам. Бұл менің ата-бабаларымның диалектісі...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЭТИКАСЫ

Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлттық...

ОПМ «Безопасный дом»

Согласно статьям 44, 63-64 УК РК лица, находящиеся на...

АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТТАРЫ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Биыл Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясына...