АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТТАРЫ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Биыл Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясына 300-ден аса курсант қабылданды. Олардың ішкі істер органдарында қызмет етудегі алғашқы қадамдары Ант қабылдаудан басталды.
Курсанттар өміріндегі маңызды қадам – Ант қабылдау рәсіміне Ішкі істер министрлігінің басшылығы, генералдар мен ардагерлер, курсанттардың ата-аналары қатысты.
Ант қабылдау алдында оқуға жаңадан қабылданған курсанттар бірнеше апта бойы оқу-далалық жиыннан өтіп, күн тәртібіне бейімделді, дене шынықтыру және саптық дайындықтан, тактикалық сабақтардан өтті. Бұл кезең олардың Академиядағы алғашқы оқу жылына бейімделуіне мүмкіндік берді.
Ант қабылдау кезінде курсанттар Қазақстан Республикасына адал болуға, Конституция мен заң талаптарын сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және ішкі істер органдары қызметкерінің міндеттерін абыроймен атқаруға салтанатты түрде ант берді.
Жас курсанттарды ардагерлер мен Академия басшысы құттықтап, таңдаған мамандыққа жауапкершілікпен қараудың маңызын атап өтті.
«Ант – үлкен жауапкершілік. Оны күнделікті еңбекпен, тәртіптеріңімен және қызметке деген адалдықтарыңмен дәлелдеулерің қажет», – деді Академия бастығы полиция полковнигі Қалижан Қобландин курсанттарға арнаған құттықтау сөзінде.
Бұл күн тек курсанттар үшін ғана емес, олардың ата-аналары мен жақындары үшін де ерекше күн болды. Балаларының ант қабылдағанына куә болған ата-аналар жас курсанттарға ақ тілектерін білдірді.
Ал бүгінгі сапта тұрған жас курсанттар үшін алда бірнеше жылдық оқу, кәсіби дайындық және болашақ қызметке қалыптасу кезеңі тұр.

ОПМ «Безопасный дом»

Согласно статьям 44, 63-64 УК РК лица, находящиеся на...

Әскери соттардың соттылығы: Жаңа құқықтық өзгерістер

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери...

Әскери сот шешімдерін халықаралық деңгейде тану: Апостиль қоюдың заңдық негіздері мен тәртібі

Қазіргі жаһандану заманында азаматтар мен әскери қызметшілердің шетелдік мемлекеттермен...

Алматыда QASQYR CUP медиа аударыспақ турнирі өтті

Алматыда қазақтың ұлттық спорты аударыспақты кеңінен насихаттауға арналған QASQYR...

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған тағылымды шаралар Қазан айы...