spot_img
spot_img

Ұлт саулығы — орнықты дамудың негізі

Табиғаттың ең қымбат жемісі дені сау адам болып табылады. Адам өміріндегі ең маңызды құндылық – денсаулық. Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты және денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек.Ұлт денсаулығы кез-келген ел үшін ең бірінші маңызды мәселеге баланады. Себебі, ең бай ел қазба байлықтарымен, табиғатымен немесе халқының еңбекқорлығымен өлшенбейді. Ел байлығы халықтың денінің саулығымен бағаланады. Сондықтан да ауру адамы аз ел ең бай ел. Бұл бағытта тәуелсіздік жылдары қыруар жұмыстар атқарылды. Медицна мекемелері жаңартылып, техникалық базасы жасақталды. Әлемнің жетекші елдеріндегідей соңғы инновациялық құрылғылар жабдықталған ауруханалар мен емханалар болса, білікті кадрлармен толықты. Президент болашаққа бағытталған байыпты бағдарлар мен міндеттерді саралау барысында денсаулық сақтау саласына да айрықша назар аудару қажеттігін ескертеді.

Денсаулық сақтау сала­сы экономикаға да тығыз бай­ла­ныс­ты. Ұлт саулығы эко­но­ми­ка­ның дамуы үшін маңызға ие. Ден­саулығы жақсы адам­дар­дың еңбек өнімділігі жоғары, тиі­сін­ше экономика мен қоғам да­муына үлкен үлес қосады. Да­мыған экономика да ұлт сау­лығына үлкен үлес қосады. Теңсіздік деңгейін бақылай отырып, әлеуметтік ортаны жақсарту арқылы өмір сүру сапасын жоғарылатуға болады. Сапасы жоғары медициналық қызмет халық денсаулығын жақсартады. Денсаулық сақтау шығындары азаяды. Табысты экономика денсаулық сақтау саласына көбірек ресурстар береді. Ұлт саулығына көп факторлар әсер етеді. Қазіргі кез­де әр фактор әсерінің үле­сін бағалау жұмыстары жүр­гі­зі­луде. Оны мынадай топтарға бө­луге болады: әлеуметтік, эко­номикалық және мәдени фак­торлар, табыс пен білім деңгейі, жұмысбастылық, әлеуметтік қолдау, мінез-құ­лық факторлары, өмір сүру жә­не қоршаған орта жағдайы, тамақ­тану, физикалық бел­сенділік, таза суға қол­же­тім­ді­лік, ауаның ластануы, же­ке тұл­ға факторлары – физио­ло­гиялық, ге­нетикалық, пси­хо­логиялық, өз өмірін бақылау қа­бі­леті, медициналық қызметке қол­жетімділік, профилактика жә­не емдеу.Жоғарыда аталған жайттарды ескере отыра, ұлт са­улығы мен мемлекеттің әл-ауқаты арасында орасан зор байланыс бар деп тұжырым жасауға болады.

Денсаулық – тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі. Дүниежүзінің өркениетті елдерінің барлығында дерлік халық денсаулығы, әсіресе жастардың денсаулығы басты ұлттық құндылық және мемлекеттік саясаттың басым бағдары болып табылатыны белгілі. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Әрбір адам салауатты өмір салтын сақтап, өз денсаулығына сақтықпен қараса жарқын өмірге жол ашылады. Денсаулық үшін жауапкершілік, алдымен, азаматтың өзіне тікелей байланысты. Сонда ғана әр адам өз денсаулығының жауапкершілігін сезініп, табысты әрі мықты болуға ұмтылады. Жалпы, денсаулық — байлық. Ұлттың дені сау болса, мемлекет те табысты болады.

Абикенов А.А

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының доценті,з.ғ.к.

Өміртай Роза

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы,з.ғ.к. адвокат

Лицей «Арыстан» дал путевку в большую жизнь 80 выпускникам

В специализированном лицее «Арыстан», готовящем представителей элиты казахстанской армии,...

«Арыстан» лицейінде курсантарға барлық жағдай жасалған

Қазақ әскерінің элиталы өкілдерін дайындайтын «Арыстан» мамандандырылған лицейі биыл...

Кәмелеттік жасқа толмаған сотталғандар тұрғылықты мекен жайлары бойынша тексерілді

10.06.2024 жылы Астана қаласы Байқоңыр ауданы Пробация қызметі, Астана...