12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қақпа алдында кездесу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінде Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыру бойынша «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында шара ұйымдастырылды.

Бас бостандығынан айырылған тұлға өзінің әлеуметтік байланысын жоғалтады. Әлеуметтік қабілетінен айырылады. Қоғам да сотталып келген тұлғаны бірден қабылдамайтын жағдай кездесіп те жатады. Бұл ретте жаза мерзімін өтеп келген азамат қайта қылмыс жасауға тәуекел етеді. Осы жағдайда әлеуметтендірудің маңызды орасан зор. Жаза мерзімін өтеп, бостандыққа шыққалы жатқан азаматқа мекеме қызметкерлері тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Бұл азаматтың бостандықта өзін лайықты дәрежеде ұстауына барынша жағдай жасау болып табылады,-деді мекеменің босатылатын сотталғандарды тұрмыстық және жұмысқа орналастыру жөніндегі инспекторы әділет майоры Насырова Самал.

Мекеме әкімшілігіне қоғамға бейімдеу үшін жасаған шаралары мен тәрбие жұмыстары үшін өз алғысымды айтамын. Түзеу жолына өзімді нық тұрдым деп есептеймін. Енді қателікке жол бермеуге уәде беремін, — деді босап шыққан азамат.

Жазасын өтеуші сотталғандардың босатылғаннан кейінгі құқықтары мен міндеттері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында аталған іс-шараны өткізу барысында сотталғандарды бостандықтағы өмірге дайындау, оның әлеуметтік жұмысқа орналасу мәселесін шешу, әлеуметтік ортада мінез дағдыларын көрсету, бостандықта тұрақтайтын мекен-жаймен қамтамасыз ету болып табылады.

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....