2023 жылдың 1-жартыжылдығы үшін «Қазаэронавигация» РМК бекітілген тарифтік сметаларының орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есебі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. 2023 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша кәсіпорынның ұйымдық құрылымы Астана қаласында орналасқан Орталық аппараттан және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан он бес филиалдан тұрады.
Кәсіпорын жұмыскерлерінің орташа тізімдік саны 2023 жылдың 1-жартыжылдығында 2 676 адамды құрады.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықаралық және транзиттік ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері табиғи монополиялар саласына жатқызылған.
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Кәсіпорын қызметін бақылау мен реттеуді өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жүзеге асырады.
- Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы
2021-2025 жылдар кезеңіне бекітілген аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат есепті 2023 жылдың 1-жартыжылдығы кезеңінде осы есепке 1-қосымшада баяндалған.
2. Бекітілген тарифтік сметаның баптар бойынша орындалуы туралы
Реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтерінен күтілетін кірістер 2023 жылдың 1-жартыжылдығында 1 799 млн.теңгені құрайды, оның ішінде ӘК-де аэронавигация қызметтерінен түсетін кірістер бойынша – 1 126 млн. теңгені және ӘА-да – 673 млн. теңгені құрады (2,3-қосымша).
2011-2022 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінде және әуеайлақ ауданында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетудің реттеліп көрсетілетін қызметтері залалды болып табылады.
2023 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша залал 2 477 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
— ӘК-де (-1 675) млн. теңге;
— ӘА-да (- 802) млн. теңге.
Есепті кезеңде тарифтік сметаларда бекітілген көрсеткіштерге шығындар баптарының асыра орындалуы да, шығындардың кейбір баптарының орындалмауы да байқалады. Шығындардың жекелеген баптарының орындалмауы тарифтік сметалардағы көрсеткіштердің жылдық негізде бекітілгеніне, ал нақты көрсеткіштер 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының күтілетін деректері негізінде ұсынылғандығына байланысты.
Сондай-ақ, 2023 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша өндірістік көрсеткіштер тарифтік сметаларда бекітілген жылдық өндірістік көрсеткіштерден ӘК бойынша 47%-ға және ӘА бойынша 57%-ға орындалғанын атап өту қажет. Бұл ретте 2022 жылдың осы кезеңіне қарағанда, 2023 жылдың 1-жартыжылдығында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің аздап өсуі байқалады.
3. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы туралы
Кәсіпорынның уәкілетті органы реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштерін бекітпеді.
4. Табиғи монополиялар субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы
Уәкілетті орган қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін бекітпеді.
5. Негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштер туралы
Кәсіпорынның 2023 жылдың 1-жартыжылдығындағы кірісі 72 966 млн. теңгені құрады (күтілетін деректер), бұл 2022 жылдың 1-жартыжылдығында алынған кіріс деңгейінен 12%-ға немесе 7 650 млн. теңгеге жоғары.
2023 жылдың 1-жартыжылдығында негізгі қызметтен түскен кірістер 69 703 млн. теңгені құрады (күтілетін деректер). 1-жартыжылдыққа қарағанда кіріс 13% — ға немесе 8 290 млн. теңгеге ұлғайған.
2023 жылдың 1-жартыжылдығында аэронавигациялық қызмет көрсетуден түсетін кірістер 69 572 млн. теңге мөлшерінде күтіледі. Кәсіпорынның талданатын кезеңдегі жалпы кірістеріндегі АНҚ-дан түсетін кірістер 95% құрайды. 2022 жылдың 1-жартыжылдығына қарай АНҚ-дан түсетін кірістер 14%-ға немесе 8 279 млн. теңгеге ұлғайды. АНҚ үшін кірістердің өсуі 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға және кері ұшатын Еуропалық Одақ пен АҚШ әуе кемелері үшін Ресей Федерациясының әуе кеңістігінің жабылуына байланысты өндірістік көрсеткіштердің өсуімен байланысты.
Кәсіпорынның шығыстары (корпоративтік табыс салығын қоса алғанда) 2023 жылдың 1-жартыжылдығында 42 724 млн.теңгені құрады (күтілетін деректер). 2022 жылдың 1-жартыжылдығымен салыстырғанда шығыстар (корпоративтік табыс салығын қоса алғанда) 29%-ға немесе 9 487 млн. теңгеге ұлғайды.
6. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы
Кәсіпорынның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне мыналар жатады:
— халықаралық ұшуларды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;
— халықаралық ұшуларды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуеайлақ ауданындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.
Аэронавигациялық қызмет көрсетуден түскен жалпы табыстарда талданатын кезеңде реттелетін қызмет 2% құрайды.
Реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша қазақстандық авиакомпаниялар тасымалдарының жалпы көлеміндегі тұрақты ішкі тасымалдардың үлесі (ұшақ-километрмен) айтарлықтай салмақты және 2023 жылдың 1-жартыжылдығында шамамен 97% құрады.
Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің көлемі
| Атауы | Бірлік | 2023 жылдың 1-жартыжылдығы үшін | 2022 жылдың 1-жартыжылдығы үшін | Ауытқу | Ауытқу %-бен |
| Ұшақ-километрлер | мың км | 31 995 | 31 630 | 365 | 101,2 % |
| Ұшақ — ұшулар тоннажы | мың тонна | 2 064 | 1 905 | 159 | 108,3 % |
Тұтынушыларға 2023 жылдың 1-жартыжылдығында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі 2022 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштермен салыстырғанда ұшақ-километрлер бойынша 1%-ға және ұшақ-ұшып шығу тоннажы бойынша 8%-ға артқан.
7. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы
2023 жылдың 1-жартыжылдығында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері Қазақстан Республикасының 76 авиакомпаниясына көрсетілді.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде халықаралық ұшуларды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде және әуеайлақ ауданында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуге Қазақстан Республикасының авиакомпанияларымен 17 шарт жасалды және қайта жасалды.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында реттеліп көрсетілетін аэронавигациялық қызметтердің негізгі тұтынушылары келесі авиакомпаниялар болды:
«Эйр Астана» АҚ
«SCAT» авиакомпаниясы» АҚ
«Qazaq Air» АҚ
«Comlux-KZ авиакомпаниясы» ЖШС
«Fly Jet.kz» ЖШС
«Евро-Азия Эйр авиакомпаниясы» АҚ
«KAZ AIR JET» АҚ
«Южное небо» авиакомпаниясы» АҚ
«Prime Aviation» АҚ
«Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» ШЖҚ РМК
«Жезқазған-Эйр» АК» АҚ (ZHEZAIR)
«East Wing» АҚ
«Премиум Скай» ЖШС
Әуе кемелеріне жоғарғы әуе кеңістігінде және ҚР әуеайлақтары аудандарында қызмет көрсетуді Кәсіпорын жоғары деңгейде жүзеге асырды.
8. Қызмет перспективалары туралы (даму жоспарлары)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 539 бұйрығымен бекітілген Кәсіпорынды дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы Қазақстан Республикасының аэронавигациялық жүйесін ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық дамытудың негізгі бағыттарын айқындады.
Алдағы кезеңде Кәсіпорын жүйелерді жетілдіруді жалғастырады:
— Мемлекеттік ұшу қауіпсіздігі бағдарламасы шеңберінде ИКАО-ның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған Жаһандық жоспарына сәйкес ұшу қауіпсіздігін басқару;
— ИКАО авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаһандық жоспарына сәйкес авиациялық қауіпсіздік;
-ИКАО талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқару қамтамасыз ету жүйелері.
Белгіленген перспективалық жоспарларды іске асыру ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінің тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, «Халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету және халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуеайлақ маңында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 қазандағы № 69 бұйрығына сәйкес
2021 жылғы 01 қаңтардан бастап халықаралық ұшуларды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету және халықаралық ұшуларды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуеайлақ ауданында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге 2021-2025 жылдарға арналған тарифтер қолданысқа енгізілді.


