Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған (жазбаша) тәртіппен қарау ерекшеліктері бекітілген. Бұл тәртіп азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін тиімді, жедел және артық рәсімдерсіз қарауға бағытталған.

Кодекс талаптарына сәйкес, хабарламалар, ұсыныстар, үнқосулар және сұрау салулар оңайлатылған әкімшілік рәсім аясында қаралады. Мұндай рәсімді мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекет толық қатысатын заңды тұлғалар және олардың лауазымды тұлғалары жүзеге асырады. Осы рәсім шеңберінде өтініш білдірген тұлға арыз иесі ретінде танылады.

Оңайлатылған әкімшілік іс жүргізу – бұл әкімшілік істерді қараудың жеңілдетілген түрі болып табылады. Оның негізгі мақсаты – күрделілігі төмен істерді қысқа мерзім ішінде қарап, барлық қатысушылар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету. Әдетте, мұндай істер фактілік және құқықтық жағынан аса күрделі болмайды және арнайы нормалармен реттеледі.
Әкімшілік органдардың өтініштерді қарау рәсімін жеңілдету мақсатында әкімшілік актілер қолайлы және ауыртпалықты (теріс) болып бөлінеді.

Ауыртпалықты әкімшілік акт деп – әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын шектейтін, тоқтататын, оған міндет жүктейтін немесе оның құқықтық жағдайын нашарлататын шешімдер танылады. Ал қолайлы әкімшілік акт, керісінше, тұлғаның құқықтарын іске асыруға мүмкіндік беретін немесе оның жағдайын жақсартатын әрекеттерді білдіреді.

Мұндай жіктеу қолайлы әкімшілік актілерді қабылдау рәсімін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Яғни, белгілі бір жағдайларда әкімшілік органға шешімді толық негіздеу, өтініш берушіні тыңдау немесе қосымша дәлелдемелер жинау міндетті болмайды.

Сонымен қатар, оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен соттар бұрын толық немесе ішінара жарамсыз деп танылған не олардың мазмұнын қайталайтын нормативтік құқықтық актілерге қатысты шағымдарды қарай алады. Бұдан бөлек, бұрын күші жойылған актілерге мазмұны ұқсас болып қайта қабылданған нормативтік құқықтық актілерді даулау мәселелері де осы тәртіп аясында қарастырылады.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Г.Укшебаев

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...