12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Экологиялық кодекстегі өзекті мәселелер

      Қазір қоршаған ортаға қатысты өзекті проблемалар аз емес. Ауаны ластайтын кәсіпорындар, тұрмыстық қалдықты қайта өңдеу, қоқысты бөліп жинау мәдениетінің аздығы, бейберекет қоқыс алаңдары сынды алаңдатарлық мәселелер жеткілікті. Жоғарыдағы жайттарды ескере отыра, «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» қабылданған болатын. Кодекстегі артықшылықтардың бірі – ластаушы төлейді ұғымының қалыптасқаны. «Ластаушы төлейді және қал­пына келтіреді» қағидатының негізінде қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және бақылау, сондай-ақ қор­шаған ортаға келтірген зиянның орнын толтыру үшін жауапкершілік көзделген. Экологиялық зиян орын алған жағдайда табиғат пайдаланушы қалпына келтіруге міндеттелген. «Ластаушы төлейді және қалпына келтіреді» қағидатының негізінде ластануды болдырмау және бақылау бойынша шаралар, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірген зиянның орнын толтыру үшін жауапкершілік көзделген. Экологиялық зиян орын алған жағдайда табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны оның бастапқы қалпына келтіруге міндетті», – дейді экология мамандары. Кодекстің бұл талабы қоршаған ортаны ластанудан сақтауға бірден-бір ықпал болары сөзсіз.

     Тағы бір талап – өнеркәсіпте жаңа технологиялар енгізу. Бұл қоршаған ортаны сақтау үшін қажет. Бірінші кезеңде жалпы ластанудың сексен (80%) пайыз шығарындыларының көзі саналатын елу  ірі кәсіпорындарында енгізу жоспарланған. Еуропада он бес жыл ішінде ең озық технологиялардың арқасында шығарындылар тоқсан төрт пайызға (94) азайған. Осы технологияларды енгізген кәсіпорындар эмиссия үшін төлемнен босатылады. Егер кәсіпорындар қолжетімді технологияларды пайдаланбаса, олардың эмиссия үшін төлем мөлшерлемелері артады.

    Қалдықтарды басқару мәселесі де жаңа кодексте қамтылған. Өндірістегі қалдықтарды өңдеу үшін жаңа техно­логияларды енгізу мәселесі күн тәртібінде. Бұл мақсатта пилоттық жоба жүзеге асуда. Анығын айтқанда, заңнамалық негізде қалдықтардың жиналуын азайту үшін WASTE TO ENERGY технологиясын қолдана отырып, қалдықтарды энерге­тикалық кәдеге жарату енгізілді. Бұл технологияға сәйкес қоқыс өртеліп, электр қуаты шығарылады, содан кейін электр желісіне сатылады. Әрине, бұл уақыт еншісіндегі жұмыс. Жаңартылған энергия көздерін дамыту мәселесі де өзекті екені белгілі. Бұл туралы кодексте қамтылмай қалған жоқ. Яғни декарбонизация – бұл көмірқышқыл газының шығарылуын азайту және жаңартылатын энергия көздері арқылы электр энергиясын өндіру. Бұл қоршаған ортаға зиянды әсерді едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

Экологиялық кодекс Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі негізінде дайындалды. Елімізде экологиялық қауіпсіздікті нығайту үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарды «жасыл» технологияларды енгізуге ынталандыру қажет. Кәсіпорындар халықаралық экологиялық талаптарға сай болуы тиіс. Бұл кодексті дайындау оңайға соқпады. Ірі бизнестің жекелеген өкілдері ескірген қондырғылармен жұмыс істейтін кәсіпорындардың халықаралық, еуропалық технологиялық стандартқа ілесе алмайтынын алға тартты. Сондықтан заң жобасында озық тәжірибеге кезең-кезеңмен көшу көзделген. Осыған байланысты уақытша мақсатты индикаторлар енгізілуі мүмкін. Мемлекет кәсіпорындарға салық және қаржылық міндеттемені азайтып, өндіріс технологиясын ынталандыруға және жаңғыртуға мүмкіндік бермек. Бұл қоршаған ортаға оң ықпал етуі ықтимал. Сондай-ақ экологиялық сақтандыру жүйесін енгізу қарастырылған. Қоршаған ортаға эмиссия төлеу мә­селесі де кодексте қамтылған. Анығын айтқанда,кодексте эко­логиялық төлемдердің 100 пайызы эко­логиялық іс-шараларға жұмсалатыны айтылған.Сонымен қатар экологиялық кодексте  экотуризмді дамыту, көгалдандыру жұ­мысы, жан-жануарларды қорғау жайы да қамтылған. Ең бастысы, қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық тепе-теңдікті сақ­тауға ықпал ететін кодекс бар. Мұнан кейінгі жұмыс өз қолымызда екені белгілі.

Байдельдинов Д.Л

Әл-фараби атындағы заң факультетінің деканы

Амангельдиев Ж.Е

заң факультетінің магистранты

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...

ЭТИКА В МАНТИИ: КАК СУДЬИ КАЗАХСТАНА ХРАНЯТ ДОВЕРИЕ ОБЩЕСТВА

Судебная система — это не только законы и процедуры,...