12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Судьяның белсенділігі әділ сот төрелігіне кепілдік етеді

Әкімшілік әділет институты жария-құқықтық даулардың тиімді шешілуіне жол ашты. Нәтижесінде  ел халқы ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі аясында талаптарын қойып, мамандандырылған соттарда құқықтарын әділ қорғауға қол жеткізуде.   

Аталған кодекстегі қарапайым азаматтар үшін ең тиімді норма ол  соттардың белсенді ролі қағидатынің белгіленгенуі, яғни, әкімшілік сот ісінің соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылуі болды. Өйткені, әкімшілік органдардың әлеуеті зор, олар барлық уақытта ұйымдастырушылық және еңбек ресурстарына ие. Ал, талап қоюшыларда мұндай мүмкіндіктер жоқтың қасы екені айтпаса да түсінікті. Осы себепті, әкімшілік істерде тараптар арасындағы тепе-теңдікті сақтауда бұл норманың маңызы зор. Басты айтарлығы, соттың белсенді рөлі қағидаты азаматтық немесе қылмыстық іс жүргізуде бұрын-соңды болмаған жаңалық.

Соттың белсенді рөлі қағидатын заңға сай айтып өтсек, судья әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, мәлімдемелерімен, сондай-ақ, өтініш хаттарымен, тараптар ұсынған дәлел-дәлелдемелермен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істегі материалдар негізінде маңызы бар барлық нақты мән-жайларды зерттейді.  Мұндай зерттеудің даудың дұрыс әрі шешілуінде ықпалды болары талассыз. Ал, әкімшілік процеске қатысушылар бұл ретте, яғни, істің нақты мән-жайларын зерттеп, дәлелдемелер жинауда сотқа жәрдемдеседі.

Сонымен қатар, судья іс бойынша өз пікірін алдын ала білдіреді әрі  сот өз бастамасымен немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхатымен қосымша материалдар мен дәлелдемелер жинап, әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды.

Соттың формальды қателерді болдырмауға, түсініксіз сөздерді нақтылауға, әкімшілік істің мәні бойынша өтініш беруге, толық емес нақты деректерді толықтыруға, процестің барлық сатысында істің мән-жайын толық айқындау және объективті бағалау үшін маңызы бар жазбаша түсініктемелерді ұсынуға жәрдем беруі істерді қарауда бюрократиялық көзқарасты жояды. Бұған қоса дауды әуре-сарсаңсыз толық, жедел шешуге ықпал етеді.

Әкімшілік  істерді  қарау  барысында  судьяның ӘРПК-нің талабында көзделген құқықтары мен  міндеттерін бұлжытпай  орындап,  белсенділік  танытуы, сот  төрелігінің сапалы  жүзеге  асырылуына кепілдік етеді.

Мұхит Мұқашев,

Маңғыстау облыстық мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі

Кейнгі көздері «адам өзгерді ме, заман өзгерді ме?» деген...

Негізсіз баюға жол берілмейді

ҚР Азаматтық кодексiнің 1119-бабының 3-бөлігінде көрсетілгендей, негізсіз баю ұғымы...

Сот актілерін орындау тәртібі және маңызы

Қазақстан Республикасында әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің маңызды элементтерінің...

В Семее осужденные изготовили макет Байтерека своими руками

Байтерек - главный символ столицы Казахстана. Так, в день...

№64 мекемесінде неке қию рәсімі өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №64...