Еліміздің экономикасы дамып, әлеуметтік қарым қатынастар жоғары деңгейлерге көтеріліп, жаңа инновациялық технологиялық құрылымдар келген сайын алаяқтық қылмыстарының жасаудың тәсілдері де өзгеріп келеді. Алаяқтықтың пиғылы- бұл жеңіл табысқа оңай кенелу, пайдакүнемділік.
Алаяқтар көбінесе әртістік дарыны бар, өтірікті шындай етіп жеткізетін айлакерлігі басым адамдар, олар жақсы киініп, ораторлық сөйлеу қасиетті, сенім тудыруға тырысады, кейде лауазымды тұлғалардың атын айтады. Олар тез әрекет етіп, құрбандарының ойлануына, басқадай ақпарат алуға мүмкіндік бермейді. «Тез шешім қабылда, әйтпесе, үлгермейсің» деп асықтырады, ойлануға уақыт қалдырмайды. Жылдам шешім қабылдау қажет болғандықтан, зардап шегуші оның ұсынысын қабылдауға мәжбүр болады. Тіпті, оларды сендіру үшін нотариальдық кеңсеге шақырып, ақша қаражаттарын қарыз берген деп жаздырып қолхат алады. Көбінесе жапа шеккен адамдар өздерінің не істеп жүргендерін түсінбей қалады. Алайда, алданбаймын деп тұрған адамдар алаяқтың айтқанын қалай істеп, жетегінде кеткенін білмей, сезбей де қалады. Сот отырысында қарапайым сұрақтар қойған кезде, мысалы ол кісінің қалалық әкімшіліктің тұрғын үй коммунальдық шаруашылығында істейтінін неге сұрастырып, білмедіңіз деген кезде жәбірленушілер білмеймін, сендім деп не жауап берерін білмейді.
Сотта қаралған осы санаттағы қылмыстық істерді саралау барысында бұл қылмысты адамның сенімін теріс пайдаланып, алдау арқылы оның мүлкін, ақшасын жымқыру немсе бөтен мүлікті құқықты иемдену. Негізінен бұл алаяқтықтың көп тараған тәсілдері: мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алып беру, үй салу үшін жер учаскесін алып беру, жалақысы жоғары жұмысқа орналастыру, банктен несие алып беру және т.б. сияқты.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, алаяқтық қылмысын жасайтындардың басым көпшілігі әйел адамдар болып табылады.
Өткен жылы Атырау қаласының №2 сотының іс жүргізуіне Қылмыстық Кодекстің 190-бабымен 129 тұлғаға қатысты 125 қылмыстық іс түсіп, 121 тұлғаға қатысты 117 қылмыстық іс аяқталған. 41 тұлға бас бостандығынан айыру жазасына, 50 тұлға бас бостандығынан шектеу жазасына, 3 тұлғаға айыппұл түріндегі жаза қолданылған.
Осындай алаяқтық секілді қылмыстың белең алып тұрған кезінде азаматтар заңсыз әрекетер жасау арқылы бір нәрсеге оңай әрі тез қол жеткізу үшін жинаған қаражаттарын оп-оңай алаяққа беруден сақ болу керек.
Жумагали Ташимов,
Атырау қаласының №2 сотының судьясы