12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ораза 2023. Ауызды не үшін құрмамен ашады?

Ораза ұстаған адам аузын әдетте, сумен және құрмамен ашады. Нутрициолог Лаура Сейітбек өзінің инстаграм парақшасында оразада ауызды құрмамен ашудың сырымен бөлісті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құрманың құрамында қант мөлшері көп болғандықтан, аузы берік адамның әлсірегенін басып, қуаттандырады. Маманның айтуынша, ол одан бөлек адам ағзасына мынадай пайдасын тигізеді:

✅ Құрмада калий мөлшері өте көп. Ол жүректің қалыпты жұмыс істеуіне пайдалы. Бұл жүрек аурулары мен талмасының алдын алады.

✅ Бауырды токсиндерден тазалауға көмектеседі. Сондай-ақ, цирроздың алдын алады. Бауыр фиброзы белгілерін жеңілдетеді. Аш қарынға желінсе, ішек пен бауырдағы құрттарды өлтіреді.

✅ Көздің көру қабілетін жақсартады. Сәбіздегідей оның құрамында А дәруменінің де мөлшері көп.

✅ Өзіңізді сергек әрі қуатты сезінгіңіз келсе, бар болғаны 3 құрма жесеңіз, бір күнге жетерлік энергия аласыз.

✅ Асқазан функциясы бұзылған кезде ас қорытуға таптырмас өнім. Оны асқазан-ішек жолының аурулары мен асқазан жарасының профилактикасы үшін де пайдаланады.

Құрманың бұл қасиеттері туралы естідіңіз бе? Ас мәзіріңізде құрма бар ма? Әлде тек оразада ғана тұтынасыз ба?

Биыл Ораза 23 наурызда басталды. Ораза 2023 кестесін мына жерден көре аласыздар.

Еске салайық, бұған дейін биылғы пітір садақа мөлшері белгіленгені хабарланған болатын. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...