Қазақстанда жаңа арзан ипотека бағдарламасы іске қосылады

Жеңілдетілген ипотека бағдарламасы Қазақстанда негізгі салалардың бірінің өкілдеріне арналған.

Үкімет елдегі көмір электр станцияларын дамытуға арналған 7,5 трлн теңгелік бағдарламаны бекітті. Қарастырылған шаралардың қатарында көмірмен жұмыс істейтін жылу электр орталықтарының қызметкерлеріне жеңілдетілген ипотека беру де бар, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Премьер-министр Олжас Бектенов «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасынақол қойды. Бағдарлама 2030 жылға дейін есептелген және электр қуаты тапшылығын жоюға, сондай-ақ жалпы қуаты 7,8 гигаватт болатын электр станцияларын іске қосу мен жаңғыртуға бағытталған.

Қосымша энергия Қазақстанға IT-секторды дамыту, деректерді өңдеу орталықтарын құру және жасанды интеллект технологияларын енгізу үшін қажет.

Бағдарлама аясында салаға мамандарды тарту және ұстап қалуға бағытталған бірқатар әлеуметтік шаралар да қарастырылған. Атап айтқанда, Отбасы банкімен бірлесіп көмір электр станцияларының қызметкерлеріне жеңілдетілген ипотека енгізіледі. Сондай-ақ бейінді жоғары оқу орындарының базасында мамандарды жүйелі даярлау және біліктілігін арттыру көзделген. Жалпы алғанда 4,5 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Бағдарлама аясында барлығы 8 жаңа энергия көзі салынбақ. Олардың қатарында Екібастұзда қуаты 2,6 мың МВт болатын нысан, Курчатовта – 700 МВт, Жезқазғанда – 500 МВт станциялар, сондай-ақ Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында заманауи жылу электр орталықтары бар. Бұдан бөлек, Ақсу ГРЭС-і, Екібастұз ГРЭС-2 және Қарағанды энергетикалық торабы секілді 11 қолданыстағы станцияны жаңғырту жоспарланған. Нәтижесінде жабдықтардың тозу деңгейі 12,6%-ға төмендеуі тиіс.

Ұлттық жоба бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылады. Жалпы көлемі кемінде 7,5 трлн теңге инвестиция тарту көзделген. Құрылыста тиімділігі стандарттан жоғары болуын қамтамасыз ететін заманауи технологиялар қолданылып, меншікті шығарындылар айтарлықтай қысқартылмақ.

Сонымен қатар жоба көмір өндіру және көлік салаларымен де үйлестірілген. Ол жартылай вагондар паркін кеңейтуді (тәулігіне қосымша 600 бірлік), теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуды және ішкі қажеттіліктерге арналған отын тасымалына болжамды тарифтік дәліздерді енгізуді қамтиды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тойға немесе туған күнге берілетін ақшалай аударымдардан салық төлеу қажет пе? – Кірістер комитеті түсіндірді 

Туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде жасалатын ақшалай аударымдарға салық салынбайды.

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі бірнеше күнге тоқтады

Қазақстанда 23 қазан мен 27 қазан аралығында жылжымайтын мүлік тіркеуге және нысандарды техникалық тексеруге өтініш беру тоқтады.

Қазақстанда мерзімді әскери қызмет екі кезеңге бөлінуі мүмкін

Қазақстанда мерзімді әскери қызметті екі кезеңнен тұратын жүйеге көшіру жоспарланып отыр.

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленді

Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде 2026 жылдың басынан бері 10,8 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты.