Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апаты: Қазақстандықтар ашық сотты талап етуде

Жол апатынан 3 адам қаза тапты.

Алматыда әл-Фараби даңғылында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адамның қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рустам Шәрібаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелген. Аталған баптың санкциясы 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Айта кетейік, қайғылы оқиға шамамен таңғы сағат 03:30-да болған. Батыс бағытта келе жатқан Zeekr электркөлігі жоғары жылдамдықпен қарсы жолаққа шығып кетіп, шығыс бағытта қозғалып келе жатқан Mercedes автокөлігін соққан.

Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы – жасы 22 және 20-дағы екі қыз – оқиға орнында қаза тапты. Zeekr көлігінің жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Алматы қаласы ПД бастығының орынбасарының айтуынша, күдікті қазір медициналық мекемеде күзетпен жатыр. Денсаулық жағдайы тұрақталған соң ол уақытша ұстау изоляторына қамалады.

Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Олардың әрқайсысына қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды, автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды. Ешкім жауапкершіліктен жалтармайды. Бейнебақылау камераларындағы барлық жазбалар, соның ішінде жеке камералардағы материалдар да тәркіленіп, іске тіркелді. Қазір олар жан-жақты зерттеліп жатыр. Сонымен қатар жүргізушіге алкоголь қолдану дерегі бойынша медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижелері кейін хабарланады. Жүргізушіге жол қозғалысы ережелерін бұзудың өзге де бірнеше дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Тергеу Алматы қаласы полициясының ерекше бақылауында және толық көлемде жүргізіліп жатыр, – деді Шәрібаев.

Полиция полковнигі азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Барлық кінәлілер заң аясында жауапқа тартылады, – деп атап өтті ол.

Осы уақытта әлеуметтік желі қолданушылары әл-Фараби даңғылындағы өліммен аяқталған жол апатын бірнеше күннен бері белсенді талқылап жатыр.

Қазір жұрттың назары Zeekr көлігінің жүргізушісінің тұлғасына ауып отыр. Пайдаланушылар ресми органдар әзірге жауап бере алмай отырған бірқатар сұрақты көтеруде.

Мәселен, threads әлеуметтік желісіндегі pilly_grimm қолданушысы қоғамды дүр сілкіндірген апатқа қатысты былай деп жазады:

Жүргізушінің аты-жөні қайда? Қоғам Zeekr көлігін кім басқарғанын білгісі келеді. Алматыда мұндай көліктер көбіне «алтын жастармен» немесе ықпалды адамдармен байланыстырып жатады. Бейнежазба қайда? Әл-Фараби – қаладағы ең көп бақыланатын және камералар орнатылған жолдардың бірі. «Сергек» камералары әр қадам сайын бар, бірақ соқтығыс сәтінің ресми кадрлары әлі ашық жарияланған жоқ.

Жүргізуші мас болған ба? Нақты жылдамдық қандай болды? Бейнежазба күтпеген «техникалық ақау» салдарынан жоғалып кетпей ме?

Бұл жол апаты құқық қорғау жүйесі үшін үлкен сынаққа айналып отыр. Қоғамда «заң бәріне бірдей» болуы керек деген талап күшейді. Адамдар істің кейде резонансты апаттарда кездесетіндей жабық есік жағдайында емес, ашық сотта қаралуын талап етіп отыр.

Kozachkov offsideTelegram-арнасы апат кезінде қытайлық Zeekr 9X электркөлігінің тізгінінде Алматының жоғарғы бөлігінде тұратын 32 жастағы кәсіпкер болған. Оның компаниялары көлік саласында жұмыс істейді. Солардың бірі 2024 жылдың күзінен бері бюджетке 50 миллион теңгеден астам салық төлеген.

Елімізде 16 нотариус лицензиясынан айырылды

Қазақстанда нотариустардың қызметіне бақылау күшейіп келеді.

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Мемлекет басшысы академияның 180 балаға арналған жатақханасын аралап көрді. Қазір мұнда еліміздің әр түкпірінен келген 116 бала жаттығады.

Футболдан әлем чемпионаты: Барлық матчтардың кестесі 

Мундиальдың барлық матчтарын Қазақстаннан тамашалауға болатыны айта кетейік.

Қазақстан энергия тапшылығын 2027 жылға қарай толық жоймақ 

Биыл елімізде жалпы 126,5 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр.

“Созбаққа салсақ, іс тоқырады деп санай беріңіздер“. Тоқаев Алатаудың құжаттарын қабылдауға уақыт берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте...