Мекеме қызметкерлері сенбілікке шықты

Сенбілік — бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара.
08.04.2023 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінің ұжымы жаппай сенбілікке шықты.

Мекеме қызметкерлері бір кісідей жұмылып, ішкі санитарлық жағдайын арттырумен қатар, сыртқы аулаларды түгелдей тазартып шықты. Қыздар әктеу, тазалау секілді жұмыстармен айналысса, ерлер сыпыру, мекеме аумағын қоқыстан тазарту, ағаш отырғызатын орындарды әзірлеу сынды бірлескен жұмыстарды атқарды.

Сенбілік — тазалық кепілі. Осындай тазалық жұмыстарын жүргізу мекеме қызметкерлерінің назарынан тыс қалған емес. Апта сайын ұжым болып сенбілікке атсалысып келеміз,- деді мекеменің кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Д.Оспанов.

Әскери соттарда сот отырыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының әскери соттар жүйесі еліміз егемендік алғаннан кейін...

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – құқықтық мемлекеттің негізі

Сыбайлас жемқорлық – мемлекет дамуына елеулі қауіп төндіретін, қоғамдағы...

№21 мекемесінде «Тазару күні» өтті

Семей қаласындағы №21 мекемеде «Тазару күні» республикалық акциясы аясында...

Медиацияның мақсаты-бітімгершілік

Медиация – қоғамдағы татулық пен өзара түсіністіктің тиімді құралы....

Ресми құжаттарға апостиль қою

Апостиль – құжаттарды халықаралық деңгейде заңдастырудың жеңілдетілген тәсілі. Ол...