12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жеке тұлғалардың банкроттығының тәртібі

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңы   ел халқының төлем қабілеттілігін жеңілдету мақсатында қабылданды. Бұл заң борышкерлер мен кредиторлар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеп, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мен соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдануға арналған негіздерді жүргізу тәртібін әрі шарттарын белгілейді.

Мысалы, соттан тыс банкроттық айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын қарыз сомасын соңғы бір жыл көлемінде төлей алмай жүрген, меншігінде ешқандай мүлкі жоқ азаматтарға қолданылады. Ал қарыз көлемі бұл сомадан асып кеткен борышкерлер сот банкроттығы рәсімін пайдалана алады. Сот банкроттығы сотта шешіледі. Оның  барысында борышкердің мүлкі сауда-саттыққа салынады. Бұл мақсатта қаржы басқарушысы тағайындалады. Борышты өтеудің үшінші түрі  төлем қабілетін қалпына келтіру, бұл рәсімде тұрақты табысы барлар сотқа өтініш беріп,  қарызды бес жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Осы заңның 20-бабында борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру тәртібі белгіленген. Айтып өтерлігі, мұндай арызды борышкерлер  тұрғылықты жеріндегі сотқа жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында бере алады.

Арызда соттың атауы, кредитор талабын қанағаттандыра алмауының себебі, сондай-ақ, барлық қажетті құжаттар мен өзге де ақпараттар қамтылады. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз 20-бапта белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда сот оны кері қайтарады.

Арыз заңмен белгіленген талаптарға сай болса, сот он жұмыс күні ішінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану жөнінде іс қозғау туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарымда тиісті уәкілетті және мемлекеттік органдар мен борышкердің міндеттері көрсетіліп, оның көшірмесі борышкерге, уәкілетті органға және борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық әділет органына, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жолданады. Осының негізінде олар мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асырады.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғаудың салдарлары аталған заңның 22-бабымен айқындалған. Мысалы,  арызда көрсетілген борыштық міндеттемелердің мерзімдері өткен болып есептеледі, сондай-ақ, кредиторлардың борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуіне,  борышкердің өзіне жаңа ақшалай немесе мүліктік міндеттемелерді қабылдауына, ел аумағынан тыс жерлерге шығуына тыйым салынады. Алайда, борышкердің шетелде емделу немесе жақын туысын емдеуге алып бару құқықтары шектелмейді.

Сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешім қаржы басқарушысының қорытындысы ескеріле отырып қабылданады. Қаржы басқарушысы борышкердің мүліктік массасын сатуды электрондық аукцион өткізу жолымен немесе тікелей сату әдісімен жүзеге асырады.

 Соттың сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешімі қабылданысымен қаржы басқарушысы борышкердің мүліктік массасын сату жоспарын жасайды. Бұл мерзім бес жұмыс күнінен кешіктірілмеуі керек.

Аталған рәсімдер    заңдылық, әділдік, жариялылық пен ашықтық, мемлекеттік реттеу, азаматтардың адалдығы, салдардың басталуы қағидаттарының негізінде жүзеге асырылады.

Нұржан Қалымжанова,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

В Семее осужденные изготовили макет Байтерека своими руками

Байтерек - главный символ столицы Казахстана. Так, в день...

№64 мекемесінде неке қию рәсімі өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №64...

Сотталғандарға амнистияға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ведомстволық мекемелерінде сотталғандарға...

ШЕТЕЛ МЕН АУЫЛ АРАСЫН ЖАЛҒАҒАН ҒАЛЫМ

Ауыл – қазақтың күретамыры. Тәуелсіздіктің алғашқы қиын кезеңдерінде тоқырауға...